Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Адасушылықтан абай болыңыз!

Адасушылықтан абай болыңыз!
ашық дереккөз
Адасушылықтан абай болыңыз!
Қазір әлеуметтік желілерде адамды адастыратын, ақылынан алжастыратын жалған ақпараттар аз емес. Тіпті дінге байланысты түрлі құлаққа кірмейтін ақпарат таратып, елдің санасын улап жатқандардың көбеюі алаңдатпай қоймайды. Азаматтар «жат ағымды жақтаушылардың сөзіне алданбаймын, өзімнің ерік-жігеріме жауап беремін» десе де алданып қалып, адасып жатады. Осы мақсатта Меркі ауданындағы «Жүніс молда» мешітінің ұстазы Еламан Есеналиев мешіт жамағатына «Діни адасушылықтағы әлеуметтік желінің рөлі» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Уағыз барысында жат ағым өкілдерінің интернет кеңістігін өз мақсаттарына тиімді пайдалануы, олардың қызметi өздерінің идеологиясын белсенді түрде насихаттауы, жаңа мүшелердi өз қатарларына тартуы, жақтастарын теориялық, практикалық тұрғыдан оқытуы және өздерiне қарсы шыққан желі қолданушыларына қарсы ақпараттық күрес жүргізуі, жалған ұрандарымен дінді бұрмалап, жастарға ықпал етудің түрлі жолдарын жасап жатқаны айтылды. Сонымен қатар деструктивті діни ағымға ерушілердің діни сенімі мен ұстанымдары біздің қоғам мен мемлекетке қарсы және агрессиялық сипатта екені баяндалды. Алла Тағала баршамызды исламның тұнығынан сусындап, адасудан сақтасын!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар