Криптоның қызығын көргендер
Астанада заңсыз крипто айырбастау пунктін ұйымдастырушылар сотталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінде заңсыз кәсіпкерлік фактісі бойынша А.В.Кучуков пен Е.Т.Садыровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды.
Аталған азаматтар криптовалютаны қолма-қол ақшаға айырбастап, аса ірі мөлшерде табыс тапқан. Заңсыз қызметтен түскен ақша айналымы 15 миллиард теңгені құраған. Олар 1,5-нан 2,5 пайызға дейін сыйақы комиссия алып отырған.
Мемлекет кірісіне криптовалюта әмиянының балансындағы 22894,5 USDT мөлшерінде қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер, 328 мың АҚШ доллары және 7 миллион теңгеге жуық ақша тәркіленді.
Сот А.В.Кучуковты мүлкін тәркілеп, 3 жыл мерзімге, ал Е.Т.Садыровты мүлкін тәркілеп, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырды.
Қазақстан аумағында заңды тұлғасыз және лицензиясыз айырбастау операцияларын жүзеге асыруға тыйым салынғанын ескертеміз.
Келесі мақала