Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«QNET»-ті ұйымдастырушы сотталды

«QNET»-ті ұйымдастырушы сотталды
ашық дереккөз
«QNET»-ті ұйымдастырушы сотталды
Ақтөбе облысында «Qnet» қаржы пирамидасының филиалын ұйымдастырушы сотталды. Еске салайық, қаржы (инвестициялық) пирамидасын аса ірі мөлшерде ақша немесе өзге де мүлікті тарта отырып ұйымдастыру және қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру фактісі бойынша істі Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті тергеп-тексерген болатын. Г.Жұмағазина 2019 жылғы қаңтар мен 2022 жылғы маусым аралығында Ақтөбе және Хромтау қалаларында қызметі бірқатар шетелдерде қаржы пирамидасы деп танылған, заңды желілік маркетинг ретінде жасырылған «Qnet» халықаралық компаниясының құрылымдық бөлімшесінің тәуелсіз өкілі ретінде тіркеліп, басқарғаны анықталды. Қаржылық мониторинг органдарына 25 азамат шағымданып, оларға келтірілген шығын 37,5 миллион теңгеге жуық соманы құрап отыр. Осылайша Г.Жұмағазина 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Кәмелетке толмаған баласын ескере отырып, жазаны өтеу 5 жылға кейінге шегерілді. Барлық салымшылардың салымдарынан табылған 286 миллион теңге көлеміндегі мүлік мемлекет пайдасына тәркіленді. Қаржы пирамидасын құру қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланатынын ескертеміз. Егер сіз экономикалық құқықбұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, «АФМ Insider» (https://t.me/afm_insider_bot) телеграм-ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Қаражатты инвестициялау кезінде компанияның сенімділігін тексеру қажет. Осы мақсатта «Baiqa, piramida!» (https://t.me/BAIQApiramidaBOT) телеграм-боты жұмыс істейді.

Жасұлан Сейілханов

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар