Астыртын жеткізілген вейптер тәркіленді
2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ресейден Қостанай қаласына Қазақстан аумағында айналымға тыйым салынған тиісті таңбалаусыз және салық төлеусіз құрамында никотин бар вейптерді, темекі қоспаларын және темекі шегетін электрондық құрылғыларды әкелген шетел азаматтары А.Б.Рябчиков пен Г.В.Лейкиннің қылмыстық іс-әрекетін Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті әшкерледі.
Аталған тұлғалар темекі құрылғыларын акциздік және қосылған құн салығын төлемей, халық тұтынатын тауарлар түрінде Қазақстанға кіргізген.
Заңсыз әкелінген акцизделетін өнім облыс аумағында және еліміздің көршілес облыстарында сатылған.
35,2 миллион теңге сомасына вейптердің ірі партиясын әкеліп, өткізу кезінде аталған тұлғаларды агенттіктің қостанайлық департаменті қызметкерлері тұтқындады.
Сот үкімімен А.Б.Рябчиков пен Г.В.Лейкин айыпталған әрекеттері үшін кінәлі деп танылып, айыппұл төлеу түріндегі жазаға кесілді.
Қаржылық мониторинг агенттігі ел аумағында темекі бұйымдары мен құрамында никотин бар сұйықтықтарды сатуға тиісті салықтар төленген және осы тауар үшін міндетті таңбалау болған жағдайда ғана рұқсат етілетінін ескертеді.
Келесі мақала
Жалған шот-фактура жақсылық әкелмеді
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Танымал корей жүзімі «Шайн Мускат» қауіпті ме? — Зерттеу нәтижелері
- авторAR-AY
- 21 қараша, 2024