Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Екінің бірі адвокат бола алмайды

Екінің бірі адвокат бола алмайды
ашық дереккөз
Екінің бірі адвокат бола алмайды
Жуырда өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық әділет департаментінің басшысы Нұрғали Андасов 2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы баспасөз мәслихатын өткізді. Департамент басшысының айтуынша, 2023 жылы біршама маңызды жұмыстар атқарылып, жоспарланған стратегиялық индикаторларға қол жеткізілген. – Әділет департаментінің қызмет бағыттарына коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, құжаттарға апостиль қою, сот актілерін орындау, нотариат салаларында мемлекеттік қызмет көрсету және құқықтық насихатты жүргізу, нотариустардың, адвокаттардың, жеке сот орындаушылардың, заң кеңесшілерінің қызметтеріне әдістемелік сүйемелдеу жүргізу, зияткерлік меншікті қорғау сияқты бірқатар жұмыс жүйесі кіреді. Бүгінгі таңда барлық бағыттар бойынша нәтижелі жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, тіркеу қызметі саласында азаматтарға ыңғайлы болуы үшін 2024 жылы азаматтық хал актілерін тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және заңды тұлғаларды тіркеу салаларында мәліметтерді өзектендіру бойынша жаңа мемлекеттік қызмет түрі 1 жұмыс күнінде көрсетілу мерзімі енгізілді. Сонымен қатар азаматтар тіркелген жылжымайтын мүлік объектісінде, заңды тұлғаның атауында және өздеріне немесе кәмелетке толмаған балаларына қатысты тіркелген азаматтық хал актілерінде қате мәліметтерді анықтаған жағдайда «Электрондық үкімет» порталы болмаса «eGovmobile» арқылы мәліметтерді өзектендіру үшін сұраныс бере алады. Ал мемлекеттік қызметтер бойынша 2023 жылы аттестаттау комиссиясының 2 отырысы өткізілді. Адвокаттық қызметпен айналысуға барлығы 37 өтініш беріліп, жалпы 35 үміткер қатысты. Алайда 16 үміткер аттестаттаудан өтпеді, қалған 19 үміткер аттестатталды. Ал нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 57 өтініш беріліп, 51 үміткер қатысса, оның төртеуі аттестаттаудан өтпеді, 47-сі аттестаттаудан өтті, – деді департамент басшысы. Сондай-ақ Нұрғали Есіркепұлы 2023 жылдың 11 сәуірінен бастап азаматтарға бейнеқоңырау арқылы онлайн форматта «Цифрлық нотариаттық сенімхаттарды» ресімдеуге мүмкіндік беретін пилоттық жоба басталғанын жеткізіп, брифинг барысында журналистердің барлық сұрақтарына жауап берді.

Шапағат Әбдір

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар