Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ

«ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ»  ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ
ашық дереккөз
«ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ
«Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі қазақстандықтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Заң үстемдігі» жобасын бастады. Жобаның негізгі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне төзбеушілік ортасын қалыптастыру және де осы процеске ел азаматтарын жаппай тарту. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен «Адал азамат» тұжырымдамасын жүзеге асыру мен қоғамдағы заң және құқықтық тәртіп үстемдігін қалыптастырудағы нақты қадамдардың бірі болмақ. Біз құқықбұзушылық жасау, пара беру немесе әлсізге қолын көтеру туралы ойдың өзін айыптайтын қоғамға айналуымыз керек. Бұл қиын жұмыс, бірақ бұл жолды еңсеруіміз қажет. «Әділдік жолы» командасы 2 жыл бойы белсенді жұмыс істеп, қоғамда құқықтық сауаттылық бойынша олқылықтар бар екеніне көз жеткізді. Атап айтқанда, «Әділдік жолы» бірлестігі жұмысының арқасында 2023 жылы 69 тұлға түрлі заңбұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеп, 113 миллион теңгеден астам қаражат бюджетке қайтарылып, 8 қылмыстық іс қозғалған. «Заң үстемдігі» жобасына Қазақстан Республикасының кез келген азаматы қатыса алады. Әрбір тұрғын сыбайлас жемқорлық фактілері мен басқа да мәселелерін 1463 Call-орталығы немесе «Adildik.kz» сайты арқылы хабарлап, өз сауалдары бойынша құқықтық кеңестер мен көмек ала алады.

Назима ЖҰБАНДЫҚОВА, «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыс бойынша филиалының жетекшісі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар