Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Т.ЕШЕНҚҰЛОВ: «ӘРБІР СТУДЕНТ БІЗДІҢ АМАНАТЫМЫЗ»

Т.ЕШЕНҚҰЛОВ: «ӘРБІР СТУДЕНТ БІЗДІҢ АМАНАТЫМЫЗ»
ашық дереккөз
Т.ЕШЕНҚҰЛОВ: «ӘРБІР СТУДЕНТ БІЗДІҢ АМАНАТЫМЫЗ»
ЖУЫРДА М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОРЫ ТАЛҒАТ ЕШЕНҚҰЛОВ ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНДЕ ӨТКЕН БРИФИНГТЕ 2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША БАЯНДАМА ЖАСАДЫ. Ол брифингте университеттің академиялық қызметі, ғылыми және халықаралық қызметі мен тәрбие жұмыстарына да тоқталды. Былтыр университетке 5165 білім алушы қабылданса, оның 1100-і грантқа түскендер. Ректордың айтуынша, қазіргі таңда университеттің 230-дан астам оқу бағдарламасы бар. – Бізге қабылданған әрбір студент ол біздің тек қана студентіміз немесе білім алушымыз емес, бастысы олар біздің аманатымыз. Олардың білім алуына және болашақта сол білімімен жұмыс істеуіне де біз өзімізді жауапкер ретінде сезінеміз. Біздің түлектердің елі үшін мемлекеттің түрлі саласында жұмыс істеп, еңбек еткенін қалаймыз. Сондықтан біздің ұстаздарымыз да барынша білім нәрін сіңіріп, білгенін үйретуге тырысады. Соның нәтижесінде жетістіктеріміз де аз емес. Мысалы, былтырдан бастап ғылым саласына 446 миллион теңге қаржы құйылған. Бұл университетке түскен соңғы 5 жылдағы құйылған қаржыдан 3 есе көп. Оны біздің ғалымдарымыз түрлі конкурстардан ұтып алған. Сонымен қатар біздің университеттің тағы бір мақтанышы – 10 миллион кітап қоры бар кітапханасы. Бұл кітапхананы тек қана студенттер ғана пайдаланбайды, оны кез келген адам пайдаланып, игілігін көруіне біз жол ашып қойғанбыз. – Өткен оқу жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті үшін табысты болды. Университет тәуелсіз халықаралық аккредитациядан өтті. Бұл осы оқу жылындағы негізгі қол жеткізген жетістік екенін атап өткен жөн, – деді спикер. Оның айтуынша, «Дулати» университетінің өткен оқу жылында 2027 жылға дейінгі 5 жылға білім беру қызметін жүзеге асыру, сондай-ақ студенттерді, магистранттарды және ғылым докторларын даярлау үшін институционалдық аккредиттеу сертификатын алған. Сондай-ақ ең маңызды қабылдаған шешімдерінің бірі – оқу жүктемесін 680 сағатқа дейін қысқарта отырып, педагогикалық қызметкерлердің жалақысын 42 пайызға арттыруға қол жеткізіпті. Сонымен қатар ол журналистердің қойған сұрақтарына да ашық жауап берді. – Біз университетте істеп жатқан ұстаздардың жалақысын көтеруді назардан тыс қалдырмадық. Былтыр бір ставкамен жүрген төмен дәрежелі ұстаздардың ең төменгі айлығы 80 мың болса, оны 200 мыңға дейін, ең жоғары дәрежесін 350 мың теңгеге дейін көтердік. Ал ғылыммен айналысып жүрген ұстаздардың жалақысы мұнан да жоғары. Сондай-ақ біз ұстаздардың жалақысын көтердік деп, студенттердің оқу ақысын көтермедік. Өйткені халықтың да жағдайына қарадық. Өңірдегі бірден-бір жоғары оқу орны болғандықтан өз студенттеріміздің білім алуына көп мүмкіншілік қарастырсақ деп ойлаймыз, – деді Талғат Ілиясұлы.

Шапағат ӘБДІР

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

БАЛАҢЫЗ БАЛ ЖЕЙТІН БОЛДЫ
Алдыңғы мақала
БАЛАҢЫЗ БАЛ ЖЕЙТІН БОЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар