Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

БАЛАҢЫЗ БАЛ ЖЕЙТІН БОЛДЫ

БАЛАҢЫЗ БАЛ ЖЕЙТІН БОЛДЫ
ашық дереккөз
БАЛАҢЫЗ БАЛ ЖЕЙТІН БОЛДЫ
Жамбылдық оқушылардың ас мәзіріне енді ара балы қосылады. Мұндай игі бастама биылғы жаңа оқу жылында басталмақ. Балдың мың бір дертке ем екені медициналық тұрғыдан дәлелденген. Ғалымдар осы уақытқа дейін балдың құрамын зерттеп, түрлі тәжірибе жасады. Мектеп оқушыларына жасалған кезекті тәжірибеде балды тұтынған әрбір оқушының сабақ үлгерімі жақсарып, мейірімділігі артқаны байқалған. Зерттеушілер мұндай терең гармонияға тек бал әсер еткенін айтады. Балдың шипалы қасиеті туралы жиі айтылғанымен, күнделікті тұтынуға екінің бірінің қалтасы көтере бермейтіні анық. Осы орайда, балалардың иммунитетін нығайтатын әрі денсаулыққа пайдалы балды үйінде жей алмаса да мектеп асханасында тұтынуы дұрыс-ақ. – Облыс әкімдігінің білім басқармасымен 2021 жылғы 2 желтоқсанда бірыңғай ас мәзірі бекітіліп, аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдеріне ұсынылған. Білім беру мекемелерінде білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақтандыру нормалары «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 қаулысымен регламенттелген. Бүгінгі күні балдың мөлшері 10 грамнан 25 грамға көбейтілді (әр балаға күнделікті норма 5 грамм). Ас мәзірі қайта бекітіліп, жаңа оқу жылында білім бөлімдеріне басшылыққа алуға жіберіледі, – деді облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангозов. Жапонияда мектеп қабырғасындағы балалар күніне 10-20 грамм бал тұтынады екен. Ал Ресей Федерациясының Алтай өңіріндегі мектеп оқушыларының ас мәзірінде бал бұрыннан барын айта кеткен жөн.

Айжан ӨЗБЕКОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар