Дінге де сауаттылықпен қарау керек
Еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында облыс аумағында рухани-ағарту жұмысын ұйымдастыру шеңберінде жергілікті тұрғындармен бірқатар іс-шаралар мен кездесулер өткізілді. Екі күндік іс-шараларға дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандары қатысты.
Онда қазақстандық қоғамның дәстүрлі, мәдени және отбасылық құндылықтарын нығайтуға бағытталған діни-ағартушылық жұмыстарды, діни экстремизмнің таралуын алдын алуды көздеген рухани-ағарту жұмыстарды ұйымдастыру назарға алынды.
Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері А.Шағырбай, Д.Мейірбеков, Қ.Оразбаев, Е.Жақыпов Тараз қаласында облыстық дін істері басқармасының ғимаратында теолог, дінтанушы, исламтанушы және психологтермен кездесіп, пікірлесті. «Тараз-Арена» спорт кешенінде спортшылармен және жаттықтырушылармен, «Һибатулла Тарази» облыстық мешітінде имамдармен, ұстаздармен және мешіт жамағатымен, Жалпақтөбе ауылында «Хаджи Тамаль» мешітінде де жамағатпен ой талқыласты. Сонымен қатар ЖД-158/4 және ЖД-158/7 түзету мекемелерінде сотталушылармен, «Жастар ресурстық орталығында» өңір жастарымен де кездесіп, білгендерімен бөлісті. Кездесу келесі күні Тараз қаласы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің облыс бойынша департаментінде әскери қызметкерлермен, қалалық полиция басқармасында пробация қызметінің қызметкерлерімен, тіркеуде тұрған азаматтармен, «Әулие ата», «Бәйдібек баба» мешіттерінде, Бурыл, Аса ауылдарында жалғасты.
Сарапшылар діннің рухани-адамгершілік құрамдас бөлігі мәселелеріне, қазіргі қазақстандық қоғамдағы әйелдердің рөлі мен әлеуметтік мәртебесін арттыруға, деструктивті діни ағымдардың әсеріне қарсы тұру шараларына ерекше назар аударды.
Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақтар қойылып, сауалдарға тұшымды жауаптар алынды.
«AR-AI-ақпарат
Келесі мақала