Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Фотокөрменің дайындығы пысықталды

Фотокөрменің дайындығы пысықталды
ашық дереккөз
Фотокөрменің дайындығы пысықталды
Елімізде «Тұлғалар мен цифрлар арқылы Қазақстанды сүю» атты ауқымды фотокөрме өтеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жазушы, қоғам қайраткері Жан Ақжанов мәлімдеді. Ауқымды көрменің негізгі мақсаты – әр өңірдің көрікті әрі тарихи жерлерін басқа аймақтарға таныстыру. Фотокөрмеде танымал тұлғалар мен тарихтан сыр шертетін жерлер суретке түсіріледі. Аталған жоба еліміздің барлық аудандарын қамтиды және миллионнан аса көрермен жиналады деп күтілуде. – Әр өңірде екі күннен 4 шілде мен 4 тамыз аралығында сурет түсіріліп, дайындық жұмыстары жүргізіледі. Әр өңірден 3-4 сурет комиссия арқылы іріктеліп, көрмеге 80-ге жуық фото қойылады. Фотокөрме 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтеді, – дейді спикер. Жан Ақжанов екі ай бойы еліміздің түкпір-түкпірін аралап, фотокөрмеге қажетті материалдар жинақтамақ. Фотокөрмеде танымал тұлғалар мен тарихи жерлер көрсетіледі. Қажетті материалдар жинақталған соң, арнайы құрылған комиссияға ұсынатын болады. Сондай-ақ көрмеге мемлекеттік қызметшілердің имиджін арттыру мақсатында түсірілген фотолар да қойылатын болады. Мәселен, спикер Шымкент қаласында төңіректі алаулаған өрттен аман сақтап қалған өрт сөндірушінің суретін фотокөрмеге алдыртқанын жеткізді. Айта кетейік, фотокөрмеге қатысу барысында тек тарихи және мәдени ғимараттарға фокус қойылмайды. Мұндай шығармашылық жұмыста суреттің мағынасы ескерілетіндігін де жеткізді. Осы шараның арқасында қазақстандықтар, жастар және мектеп оқушылары еліміздің киелі жерлерімен, танымал тұлғаларымен және бүгінгі заманның батырларымен таныс бола алады. Тіпті мемлекеттік қызметтің жұмысын да осы көрме арқылы білуге болады. Тұлғалар мен цифрлар арқылы елімізді таниды. Айта кету керек, қазақстандықтар бұл жобаны сәуір айының 18-іне дейін тамашалай алады. Көрмеге кіру тегін.

Аяулым ЖАМАНҚАРА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар