«АДАЛДЫҚҚА БІР ҚАДАМ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің бастауымен жүзеге асырылған «Адалдыққа бір қадам» акциясы Меркі ауданында өтті. Акция аясында 15 бағытта іс-шаралар ұйымдастырылып, нәтижесінде ауданның 9 мыңнан астам тұрғынына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шаралар қатарында әр ауылдық округте баннер орнату, тұрғындарға жадынама тарату, LED-экранға бейнеролик орналастыру, «Қазпошта», «Қазақтелеком» акционерлік қоғамдары, Халыққа қызмет көрсету орталығында таратылатын газет өнімдері мен түбіртектерге және әр округтегі дүкендердегі тауар өнімдеріне стикер жабыстыру, ауылдық деңгейдегі «WhatsApp» чаттарға бейнеролик пен таратпа материалдар жолдау, әр мекемеге 1424 Сall-орталығы туралы жадынама орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.
Акция нәтижесі және әлеуметтік сауалнама қорытындысы аудан әкімі жанындағы ведомствоаралық комиссия отырысында қаралып, нәтижесі бойынша хаттамалық тапсырмалар берілді. Жиында Меркі ауданының әкімі Жорабек Баубеков сыбайлас жемқорлыққа төзбеушіліктің нөлдік деңгейін қалыптастыру керектігін айтып, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатынын жеткізді.
Келесі мақала