Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«БАЛАНЫ ЖАСТАН...»

«БАЛАНЫ ЖАСТАН...»
ашық дереккөз
«БАЛАНЫ ЖАСТАН...»
Облыс аумағында жыл басынан бастап 204 жасөспірімнің үйден өз бетінше кетуінің 187 фактісі тіркелген. Жедел-iздестiру шараларының нәтижесінде барлығы аз ғана уақыттан кейін аман-есен табылып, заңды өкілдеріне қайтарылған. Талдауға сәйкес, жасөспірімдердің үйден кетуінің негізгі себептері – отбасындағы жанжал, ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері тарапынан бақылаудың болмауы, олардың жұмыспен қамтылуы және балаларының өмірі мен мүдделеріне немқұрайды қарауы. Мысалы, 27 қазанда 16 жастағы 2 қыз облыс орталығындағы оқу орындарынан шығып, үйлеріне оралмаған. Ата-аналары мен туыстары полициядан көмек сұрайды. Сонымен «Дабыл» командасымен полиция департаментінің барлық жеке құрамындағы полиция күштері жұмылдырылады. Іздеу жұмыстарына қоғамдық белсенділер мен еріктілер қосылып, қыздар табылып, ата-аналарына табысталады. Кәмелетке толмаған қыздардың отбасылық жанжалдан кейін үйден кеткені анықталған. Статистикаға сәйкес, үйден көбіне 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдер кетіп қалады. Бала – шын мәнінде өте осал және қорғансыз. Бала үйден алғаш рет кеткен кезде ата-ананың өз мінез-құлқына мән беруi маңызды. Ол бастапқы кезеңде жағдайды түзете алады, отбасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіреді. – Болған оқиғаға тек бір баланы кінәлі ету мүмкін емес. Бұл мәселеде ата-аналар маңызды рөл атқарады. Үйден кету – ата-аналар мен балалар арасындағы байланыстың болмауының салдары. Егер сіздің балаңыз үйден кетіп қалса немесе кетемін деп қорқытса – бұл жағдайды елеусіз қалдырмаңыз. Алғашқы кету баланың психологиялық күйiн және оның отбасымен байланысын бұзады. Баланың мінез-құлқы – бұл отбасындағы жағдайдың көрінісі. Балаларға өз қалауыңызды, бақылауыңызды енгізуге тырыспаңыз, балаларды қолдау және қабылдау қажет. Әрқашан олармен сөйлесіп, олардың сізге өте қымбат екенін түсіндіріңіз, – дейді облыстық полиция департаментінің арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Қалышев. Облыстық полиция департаменті ата-аналарды балаларының мінез-құлқына мұқият болуға және олардың уақытын бақылауға шақырады. Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және білім беру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін ҚР ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 127-бабына сәйкес заңды өкілдерге қатысты іс материалдарын сотқа бере отырып, әкімшілік жауапкершілік көзделгенiн ескертеді. Айжан Өзбекова
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар