Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ – САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНЫҢ НЕГІЗІ

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ – САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНЫҢ НЕГІЗІ
ашық дереккөз
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ – САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНЫҢ НЕГІЗІ
Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен кезекті баспасөз конференциясына облыс әкімдігі білім басқармасына қарасты ғылымитәжірибелік денешынықтыру орталығының басшысы Аманғали Жартыбаев қатысып, орталықтың жұмысы туралы баяндады. Айтуынша, облыс бойынша 445 жалпы білім беретін мектепте бүгінгі таңда 234 336 оқушы білім алуда. Оның ішінде 2 943 спорттық секциямен 963 56 оқушы қамтылған. 2023 жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында «Ұлттық мектеп лигасының» облыстық кезеңі Қордай ауданында спорттың 10 түрі бойынша өтіп, оған Меркі, Шу аудандарының 5-11-сынып оқушылары (193 200) қатысқан. Республикалық кезеңде 644 оқушы бақ сынап, Жамбыл облысы ІІІ орынды иеленіпті. Баяндамашы биыл облыс оқушылары мен студенттердің спорт саласындағы жетістіктері аз емес екенін атап өтіп, жаңа оқу жылы басталғалы да спорттық жарыстар жүйелі түрде ұйымдастырылып жатқанына тоқталды. – ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаны еске алуға арналған шахматтан жалпы білім беретін мектептер арасындағы облыстық командалық турнирге 8 команда қатысып, 32 оқушы қамтылды. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық-ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен «Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтерінің біліктіліктерін арттыру курсы бойынша денешынықтыру пәнінің педагогтеріне арналған «Денешынықтыру педагогының кәсіби құзыреттілігімен дағдыларын дамыту» 80 сағаттық курсына 510 денешынықтыру пәнінің мұғалімі қамтылды. Қазіргі таңда бұл курстар жалғасуда. Жалпы облыстық 53 жарысқа 3 449 оқушы, республикалық 3 жарысқа 251 оқушы, 4 семинарға 137 мұғалім қамтылды, – деген Аманғали Сәлкенұлы алдағы жоспарлармен бөлісті. 2-3 қараша аралығында Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған 8-9-сынып оқушылары арасындағы облыстық ашық командалық «V жекпе-жек фестивалі» өтеді. Оған 350 оқушы қамтылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар республиканың әр облысынан келетін 1 000-ға жуық мұғалімді қамтитын Қазақстан мұғалімдер спартакиадасын 29 қазан мен 5 қараша аралығында Тараз қаласында өткізу жоспарланып отыр. Қараша айында гандболдан Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған облыстық ашық турнирді де өткізу жоспарда бар. Бұл жарысқа Қырғыз Республикасынан және еліміздің басқа да облыстарынан командалар қатысатын болады. Қараша айында Сарысу ауданының Құрметті азаматы, спорт ардагері Тұрар Мысықбаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен 20092011 жасөспірімдер арасында дәстүрлі ашық республикалық турнир ұйымдастырылып, 40тан астам команда, 600-ден астам оқушылар қамтылады деп жоспарлануда. – Жастарды спортқа баулу – жарқын болашақ кепілі. Сондықтан бұл тұрғыдағы атқарылар жұмыстарды жандандыру аса маңызды. Алдағы уақытта ғылыми-тәжірибелік денешынықтыру орталығы тарапынан да осы бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Оқушыларымыз бен мұғалімдеріміздің спорт саласындағы жетістіктері көп боларына сеніміміз мол, – деді орталық басшысы. Айжан ӨЗБЕКОВА
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар