АСПАРАДАҒЫ АЙТУЛЫ ІСТЕР
Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінде Меркі ауданы, Аспара ауылдық округінің әкімі Гаухар Оспанбекова баспасөз мәслихатын өткізді. Гаухар Жарасқызы округтің қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндама жасады.
Аспара ауылдық округі 2002 жылы құрылған. Үш елді мекеннен тұрады. Халық саны – 1 693 адам. Оның ішінде, Аспара ауылында – 1 101, Қайыңдысай ауылында – 440, Құмарық ауылында – 152 адам. – 2023 жылдың 9 айында округтегі 7 отбасы, яғни 40 адам, өткен жылдың 9 айында 7 отбасы, соның ішінде 21 адам құжат тапсырып, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Қаржысы толығымен өтелді. Ауылдық округ бойынша 4 отбасының күнкөріс деңгейі төмен. 47 отбасыға азықтүлікпен қаржылай көмек көрсетілді. 2 отбасыға 30 мың теңгеден қаржылай көмек берілді. Сонымен қатар жыл басынан бері 49 отбасыға 15 мың теңгеден бірреттік қайырымдылық көмек көрсетілді. Кәсіпкерлік саласы бойынша 2 жоба іске асырылды. Жоба құны – 18 миллион теңге. 2024 жылы да 2 жоба жүзеге аспақ. Жоба құны – 13 миллион теңге. Нәтижесінде бірқатар ауыл тұрғындары тұрақты жұмыспен қамтылады. 2023 жылдың өнімі үшін күздік бидай 4 024 гектарға, жаздық арпа – 4 051, майлы дақылдар – 1 000, картоп – 10, көкөніс – 25, жоңышқа 59 гектарға егілді. Сонымен қатар 2 670 гектар жерге көпжылдық жоңышқа орналастырылды. Жалпы 8 236 тонна астық бастырылды. Орташа өнімділік гектарына 10,2 центнерді құрады. 2023 жылы округте 93 ауылшаруашылық техникасы тіркелген болатын. Есепті кезеңде 25 миллион теңгеге 11 техника сатып алынып, ауылшаруашылығы техникаларының жаңаруы 78,6 пайызды құрады, – дейді ауыл әкімі Гаухар Жарасқызы. Малшаруашылығы саласы бойынша қаңтар-тамыз айларында мүйізді ірі қара саны 106-ға, қойешкі 207-ге, жылқы 37-ге, құс 70-ке көбейіпті. Есепті кезеңде өндірілген сүт көлемі – 122,8, ет – 33, жұмыртқа – 21 мыңға, жүн 17 тоннаға артқан. Ауылдық округте бүгінгі күні бір дәрігерлік амбулатория және бір медициналық пункт халыққа қызмет көрсетіп, тиісті дәрідәрмекпен уақытылы қамтамасыз етіп отыр екен. Екі волейбол, екі футбол командасы бар. Үйірмелер саны – екеу. Аспара ауылы орталықтандырылған ауызсу жүйесімен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Құмарық ауылына ауызсу жүйесін жүргізу үшін 35,100 миллион теңгеге, Қайыңдысай ауылына ауызсу кіргізу үшін 45,196 миллион теңгеге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіпті.
Эльмира ТІЛЕУБЕРДІҚЫЗЫ
Келесі мақала