Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ
ашық дереккөз
«ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ
Жақсылықтың жаршысына айналған республикалық «Қайырымдылық керуені» байқауы басталды. Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі шара биыл алтыншы мәрте ұйымдастырылып отыр. Игі істі үлгі еткен байқау желтоқсан айына дейін жалғасады. Қайырымдылық байқауы жақсылық жасап жүрген белсенді жандарды анықтауға бағытталған. Игілік пен мейірімділікке негізделген шара адамгершілік құндылықтарды нығайтуды көздейді. «Қайырымдылық керуені» жыл сайын еліміздің дамуына қомақты үлес қосқан қамқор жандар мен меценаттарды анықтайды. Апта басында облыстық іскер әйелдер қауымдастығының атқарушы директоры Елена Балло, Тараз қаласы іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Айнұр Жексембинова, «Қайырымдылық керуені – 2022» республикалық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы Гүлнар Есмаханова ө ң і р л і к к о м м у н и к а ц и я л а р қызметінің алаңында баспасөз конференциясын өткізді. Спикерлер алтыншы рет өткізіліп отырған республикалық байқау туралы жанжақты баяндап берді. Алдымен Тараз қаласы іскер әйелдер қауымдастығы н ы ң төрайымы Айнұр Жексембинова баяндама жасады. Спикердің айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы, «КТК» республикалық телеарнасының қолдауымен ұйымдастырылған байқау игі істер жасайтын адамдарды анықтауға және көтермелеуге, адамгершілік құндылықтарды насихаттауға бағытталған. – Егер сіз немесе сіз білетін адам жақсы істер жасаса, мұқтаж адамдарға көмектессе немесе қиын жағдайда батылдық танытса, онда бұл конкурс дәл осындай адамдарға арналған. Байқау лауреаттары бес номинация бойынша анықталады. Нақтылап өтсем, бірінші – «Асар» қайырымдылық қызметі. Бұл аталым ұлттық салт-дәстүрлермен байланысты және ұлттық мәдениетті сақтауға көмектесетіндер үшін. Ал «Туған жер» номинациясына білім беру, экология және абаттандыру, мәдени нысандарды қалпына келтіру және тағы басқа салаларда туған өлкесіне қайырымдылық көмек көрсететін адамдар бақ сынай алады. «Батыл жүрек» аталымындағы жүлде ерлік пен қайсарлық үшін беріледі. Мұнан бөлек «Мейірім жолында» номинациясы белгілі бір уақыт аралығында тұрақты түрде өтеусіз көмек көрсеткен жандарға беріледі. «Қайырымдылық тарихы» номинациясы қайырымдылық, әлеуметтік мәселелерді үздік жариялағаны үшін журналистке немесе шығармашылық ұжымға тапсырылады. Бес жыл ішінде байқауға облысымыздың 141 тұрғыны қатысты, 16 азамат пен еріктілер ұйымдары республикалық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Олардың ішінде Байзақ, Меркі, Жамбыл, Жуалы, Шу аудандарының және Тараз қаласының тұрғындары бар. Біз осы жылы да байқауға белсенді қатысуға шақырамыз. Біздің жерлестеріміздің арасында лайықты кандидаттар көп екеніне сенеміз, – дейді Айнұр Кәрімбекқызы. Баспасөз алаңында облыстық іскер әйелдер қауымдастығының атқарушы директоры Елене Балло да сөз алып байқаудың мақсаты мен міндеті, ережелеріне тоқталып өтті. Баяндамашының сөзінше өзінің белсенді азаматтық ұстанымы, игі істері мен іс-әрекеттері арқылы әлеуметтік және қоғамдық проблемаларды шешуге үлес қосатын жеке және заңды тұлғалар конкурсқа қатыса алады. Алайда орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ қайырымдылық қызметі мемлекеттік қолдаумен (мемлекеттік грант, мемлекеттік тапсырыс және басқалар) байланысты жеке және заңды тұлғалар қатыса алмайды. Қатысушылар өтінімге конкурсқа қатысушы туралы растайтын және хабардар ететін міндетті фото және бейнематериалмен қайырымдылық қызметі туралы ақпаратты, сондайақ қатысушының өмірбаянын қоса береді. Үміткерді әріптестерінен, ұйымдардан, осы тақырыптарға бейжай қарамайтын азаматтардан ұсынуға болады. – Байқауды өткізу ережесіне сәйкес облыста жұмыс тобы құрылады. Оның құрамына облыстық іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы, облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының өкілі және БАҚ өкілі кіреді. Жұмыс тобы әр номинацияда 1 жеңімпазды анықтайды және хаттаманы республикалық комиссияға жібереді (барлығы 5 қатысушы). Республикалық конкурстың қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау 2024 жылдың ақпан айында Астана қаласында өтеді, – дейді Е.Балло. Мұнан кейін ҚР Журналистер одағының мүшесі, «Педагог тәлімі» облыстық педагогикалық, ақпараттық-танымдық журналының редакторы, «Қайырымдылық керуені – 2022» республикалық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы Гүлнара Есмаханова сөйледі. Ол өз сөзінде былтыр «Қайырымдылық тарихы» номинациясы бойынша республикалық байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпазы атанғанын атап өтті. – Бұл маңызды әлеуметтік мәселелерге жұртшылықтың назарын аударатын, қайырымдылықты қолдайтын журналистерге, блогерлерге арналған номинация. Жыл сайын мен балаларды қолдау орталығының, оның тәрбиеленушілерінің өмірі мен жұмысына арналған журнал шығарамын. Ұжымның өміріне қатысуға, оларға ақпараттық қолдау көрсетуге тырысамын. Біздің облыста азаматтық қоғамның дамуына қосқан үлесі өте зор қоғамдық ұйымдар, еріктілер көп. Мұндай адамдар, қарапайым азаматтар мен ұйымдар туралы айту өте маңызды, – деді Гүлнара Жанкенқызы. Байқауға қатысуға өтінімдерді «klub-zho@mail.ru» электрондық почтасына жіберуге болады. Сонымен қатар облыстық іскер әйелдер қауымдастығының «Facebook» және «Instagram» әлеуметтік желілеріндегі парақшаларына да өтініш қалдыруға мүмкіндік бар. Байқауға қатысуға өтініш беру мерзімі осы жылдың 20 желтоқсанына дейін жалғасады. А.БЕКЕНҚЫЗЫ
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар