Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Үлкенге құрмет – кішіге міндет

Үлкенге құрмет – кішіге  міндет
ашық дереккөз
Үлкенге құрмет – кішіге міндет
Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу қазақ халқының ата салты екені белгілі. Мемлекет тарапынан да аға буын өкілдеріне көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайып келе жатқанын білеміз. Осы орайда Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының профессорлық-оқытушылар құрамы өсіп келе жатқан ұрпаққа қарттарды құрметтеуді насихаттайтын кураторлық сағаттар мен іс-шараларды үнемі ұйымдастырып тұрады. Жуырда институттың «Экономика және бизнес» факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамы Ұлы Отан соғысының ардагері Мүтәліп Ережепбаев пен жұбайы Тынышбала Нөгербекованың отбасында болып, сыйлықтар табыс етті. Ақ дастарқан басында емен-жарқын әңгіменің тиегі ағытылды. Бүгінде 98 жасқа қадам басқан соғыс және еңбек ардагері Мүтәліп қария оқытушыларға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді. Тынышбала апа да әсерлі естеліктермен бөлісіп, ақыл-кеңесін айтты. Жанар Махашева, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушысы
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар