Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!
ашық дереккөз
ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!
Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінде Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен "Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні" тақырыбында акция өтті. Ашық әңгіме түріндегі басқосудың мақсаты отбасындағы зорлық-зомбылық проблемаларын шешу, отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы құқық бұзушылыққа баратын адамдарға ықпал ету болып табылады. Өз кезегінде психолог мамандар балаларды толық отбасында тәрбиелеудің маңызын, оларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық пен ажырасудың себебі мен салдарын, артынан күресу жолын түсіндірді. Іс-шарада мамандар статистикалық мәліметтерді келтірді. Мәселен, елде 9 ай ішінде 93 әйелдің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кесірінен көз жұмғаны анықталған. Әрі сандық дерек көптеген жағдайларда қылмыскер - алкогольді ішімдіктерді теріс пайдаланатындар екенін көрсетеді. Жиында тақырып бойынша материалдар, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсететін сенім телефондары нөмерлері орналастырылды. Соңында профилактикалық іс-шараға қатысқандардың барлығы отбасы ең үлкен құндылық және зорлық-зомбылыққа орын жоқ деген қорытындыға келді. Бұған қарсы тұру үшін, әрі мәселені шешу мақсатында елімізде жыл сайын түрлі акциялар, іс-шаралар ұйымдастырылады. Аталған акция «Отбасы институтын нығайту және гендерлік мәдениетті қалыптастыру» жобасы аясында өтті.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар