«JasSAQ» телевизиялық этно-реалити жобасы
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Меркі ауданында «JasSAQ» этно-реалити телевизиялық шоуының түсірілімі болды. Жамбыл облысында алғаш рет өткен айрықша шараға облыстың түкпір-түкпірінен сайдың тасындай іріктелген 42 белсенді жас қатысты.
Жобаның мақсаты әр түрлі сала жастарын тарта отырып, қазақтың ұлттық спорт және ойын түрлерінен сайыстар өткізу арқылы жастар арасында ұмыт болып бара жатқан ұлттық құндылықтар мен дәстүрді қайта жаңғырту, ұлттық спорт түрлерінен сайыстарға қатыстыру арқылы ұлттық спорт және ойын түрлерімен таныстыру, оның мәнін, ұлттық маңыздылығын ұғындыру, элементтерін үйрету болып табылады.
Жоба аясында Меркі ауданында «этноауыл» (6 киіз үй, алтыбақан, түрлі дәстүрлі бұйымдар мен жабдықтар, ұлттық спорттық сайыстар өткізілетін аймақтар) құрылып, ұлттық дәстүр мен спортқа негізделген сайыстарда бақ сынау үшін 7 адамнан тұратын 6 команда жасақталды.
Командалар арасында ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерге негізделген тапсырмалар мен ұлттық спорт және ойын түрлерінен (дәстүрлі садақ ату, қой көтеру, ләңгі тебу, асық ату, қазақша күрес, сиыр сауу, көмбе нан пісіру, арқан тарту және т.б.) сайыстарға түсті.
Жобаның аясында өткізілетін сайыстарға әділ бағасын беретін қазылар алқасы болып №22 спорт мектебінің директоры Дулат Маратұлы, «Жамбы атудан» Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Елдос Бадашев, жеңіл атлетикадан жаттықтырушылар Александр Телегин мен Нұржан Алатаев, № 22 спорт мектебінің директор орынбасары Жолдас Ердалиевтер бекітілсе, жобаның техникалық нұсқаушы-координаторы, кеңесшісі болып «Elorda Sadaq Atu» дәстүрлі садақ ату федерациясының вице-президенті, ҚР садақ ату бойынша спорт шеберіне үміткер Бақберген Сәлімов, жобаның қоғамдық бақылаушысы ретінде жас кәсіпкер, Тараз қалалық маслихатының депутаты Арман Бейсенбай бекітілді.
6 команданың капитандары:
Рустам Рамазан – Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназия, директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ардагер жайдарманшы, «Алаш» командасының капитаны
Ғани Қойбағаров – Шу ауданы «жастар ресурстық орталығының» директоры, «Жебе» командасының капитаны
Мақсат Шаймерден – Шу қаласы «жастар ресурстық орталығының» директоры, «Қызыл жебе» командасының капитаны
Жұманазар Нұрбек – Меркі ауданы«жастар ресурстық орталығының» директоры уақытша міндетін атқарушы, «Барыс» командасының капитаны
Шерхан Дәкен– Журналист, «Jambyl TV» телеарнасының редакторы, «Жасын» командасының капитаны
Нәукен Ұлан–«Қазақстан студенттер Альянсының» төрағасы, «Болашақ» командасының капитаны
Жүлде қоры мен марапаттау төмендегідей болды:
І-орын (командаға) – 700 000(жеті жүз мың) теңге
ІІ-орын (командаға) – 500 000(бес жүз мың) теңге
ІІІ-орын (командаға) – 350 000(үш жүз елу мың) теңге
І-орын алған команданың әр мүшесі (6 адам) жобаның мүсіншесімен және дипломдармен марапатталды.
ІІ-орын және ІІІ-орын иеленген командалардың әр мүшесі (12 адам) дипломдармен марапатталды.
Орын иеленбеген 18 қатысушы (3 команда) 20 000 (жиырма мың) теңге ақшалай сыйлықпен және Алғыс хаттармен марапатталды.
Жоба толығымен облыстық «JAMBYL» телеарнасынан 1 ай бойы көрсетілетін болады.
Ұқсас жаңалықтар
Әлеумет
Техникалық білімі бар қызметкерлерге күтілетін сұраныс жоғары- Светлана Жақыпова
- авторAR-AY
- 10 қыркүйек, 2024