Қарабөгет ауылдық округінің әлеуеті жоғары
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Мойынқұм ауданы Қарабөгет ауылдық округінің әкімі Бағдат Сатыбалдиевтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Онда спикер округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады.
Қарабөгет ауылдық округі Қарабөгет, Құмөзек, Сарыөзек сынды елді мекендерінде 20 көше, 285 аула және 1 633 тұрғын бар. Округ бойынша 43 өзге ұлт өкілі бар.
Округ бойынша биыл 1 411 576 теңге салық есептелген. Оның 27 135 теңгесі – мүлік салығы, 169 441 теңгесі – жер салығы, 1 миллион 215 мың теңгесі – жеке тұлғалардың көлік салығы.
Аталған салық түрлері бойынша жер салығы мен мүлік салығы 100 пайызға орындалса, көлік салығы бойынша 96,5 пайызға орындалып, жұмыстар әлі де жүргізілуде.
Округтің негізгі бағыты – мал өсіру болғандықтан есепті кезеңде малшаруашылығы бойынша 2 567 тонна ет, 637 тонна сүт өндірілді.
Жыл соңына дейін 5 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуға кешенді жоспар берілген.
– 6 айдың қорытындысымен Қарабөгет ауылдық округінде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке округте тұрмысы төмен, аз қамтылған 6 отбасы биылғы 2-тоқсанға құжаттарын өткізді. Оның ішінде 1 отбасының табысы кедейшілік шегінен асып кетті, қалған 5 отбасының 29 адамына 1 600 800 теңге жәрдемақы төленді.
Бүгінгі таңда аталған округте жұмыспен қамту және әлеуметтік сала бойынша 29 адам ақылы қоғамдық жұмысқа алынды. 5 адам «Жастар тәжірибесімен» еңбек етуде, – деді спикер.
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан жыл сайын қаржы қаралып жатқаны белгілі. Жалпы округ аумағында 41 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 бірлікке өсіп отыр.
Округте 9 азық-түлік дүкені, 32 жеке шаруа қожалығы жұмыс істейді. Округте мүйізді ірі қара – 6 103, қой-ешкі – 16 854, жылқы – 1 811, түйе – 59 және үй құстары – 3 827. Шаруа қожалықтардың 100 пайызы күн электр жүйесімен қамтылған, 95 пайызына құдық қазылып беріліпті. Осының ішінде 4 шаруа қожалығы мүйізді ірі қара мен 1 шаруа қожалық қой тұқымын асылдандыру мақсатында субсидиямен жұмыс істеп жатыр.
Биыл ақылы қоғамдық жұмысқа округ бойынша 32 жұмыссыз азамат тартылыпты. «Жастар тәжірибесі» бойынша 2 жас маман келісімшартпен жұмыспен қамтылған.
Сондай-ақ округте Мойынқұм-Ұланбел тасжолы бағытында мал қағу оқиғаларының орын алуына байланысты ауыл тұрғындарына жеке иеліктегі малдарын күндізгі және түнгі уақыттарда қараусыз қалдырмау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескерту парақшалары таратылыпты. Бір азаматқа айыппұл салынған.
Брифингте ауылдық округ әкімі биылға жоспарланып, атқарылатын жұмыстарға да тоқталды.
– Сарыөзек ауылына шағын футбол алаңшасын салуға мемлекеттік жер актісін дайындау үшін 400 мың теңгеге сметалық құжат дайындалды. Қарабөгет ауылының Қарағыл өзегіне салынған бөгетті нығайтуға 2 500 000 теңгеге, Қарабөгет ауылының Тайжанов көшесіне түнгі жарықшам орнату үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленді. Және округке қарасты Құмөзек ауылының тұрғындарына 24 сағат су беру үшін ауызсу мекемесіне су жинайтын мұнара қоюға жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда, – деді Бағдат Әшімханұлы.
А.ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ
Келесі мақала