Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тиісті ұсынымдар енгізілді

Тиісті ұсынымдар енгізілді
ашық дереккөз
Тиісті ұсынымдар енгізілді
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстағы Әдеп жөніндегі кеңесінің өткен жолғы отырысында 9 сұрақ қаралса, оның екеуі тәртіптік іске қатысты болған. Сол кезде профилактикалық мәселелер бойынша кеңес тарапынан берілген ұсыныстар бүгінде орындалып жатыр екен. Одан бөлек Жуалы аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрмахан Аманбайұлының қызметтік міндетіне қатысты қаралған тәртіптік іс бойынша мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бергені үшін оған қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылыпты. Сонымен қатар облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Арман Тәшметовке қатысты қозғалған тәртіптік іс бойынша кеңестің ұсынымы қазір орындалу барысында көрінеді. Бұл жөнінде Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ғимаратында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстағы Әдеп жөніндегі кеңесінің көшпелі отырысында айтылды. Осы жолғы жиында 3 тәртіптік іс пен 8 профилактикалық мәселе қаралды. Жиынды ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Лесбек Ілебаев ашып, жүргізді. Кеңес отырысында, ең алдымен, облыс әкімдігі денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Арман Тәшметовке аталған басқармада сыбайлас жемқорлыққа тән құқықбұзушылықтар мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларының алдын алуға бағытталған іс-шаралар барысы туралы баяндама жасады. Бұдан кейін ҚР Бас көлік прокуратурасының ұсынысы негізінде облыс бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Досжан Мірқалықов пен оның орынбасары Дәулет Кемеловке қатысты қозғалған тәртіптік іс бойынша аталған департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Жарқын Тамаев баяндады. Өңірдегі көліктік бақылау инспекциясында орын алған кемшілікті саралай келе, кеңес мүшелері «Д.Мірқалықов өзінің қандай да бір іс-әрекеттері арқылы қол астындағы қызметкерлерге артықшылық бермеген» деп танып, оған қатысты қозғалған тәртіптік іс тоқтатылды. Ал орынбасары Д.Кемеловке өз ісіне толық сәйкес еместігі жөнінде ескерту түріндегі жаза қолданылды. Сол секілді толық аяқталмаған құрылыс жұмысына алдын ала қаржы аударып жібергені үшін Шу ауданы Көкқайнар ауылдық округінің әкімі Қуатбек Жамбыловқа да қызметіне толық сәйкес еместігі жөнінде ескерту түріндегі жаза қолданылды. Сондай-ақ кеңес отырысы барысында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзудың алдын алуға бағытталған шаралары туралы облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова есеп берді. Нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңес тарапынан аталған бағытта жұмысты күшейту жөнінде ұсынымдар енгізілді. Бұдан бөлек Жуалы және Мойынқұм ауданы әкімі аппараттарының Әдеп жөніндегі уәкілдерінің өткен жылдың қорытындысы мен осы жылдың өткен кезеңінде атқарған жұмыстарының қорытындысы тыңдалды. Сонымен қатар облыстағы мемлекеттік кірістер органдарының салықтық әкімшілендіру және бақылау саласы қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындылары қаралды. Жиында Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманың сақталуына жүргізілген профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша атқарылған жұмыстар туралы да есеп берілді. Бұдан басқа жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметшілерінің материалдық жауаптылығы мәселелері бойынша мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының сақталуына, мемлекеттік қызметшілерді негізсіз үстеме жұмыстарға тарту мәселесіне жүргізілген талдаулардың және бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметшілерге қатысты жарияланған сыни материалдарды анықтауға жүргізілген мониторингтің нәтижелері екшелді. Нұрым СЫРҒАБАЕВ
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар