Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ТӨРТ ТҮЛІКТІҢ ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҒУЫ АЗАЙҒАН

ТӨРТ ТҮЛІКТІҢ ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҒУЫ АЗАЙҒАН
ашық дереккөз
ТӨРТ ТҮЛІКТІҢ ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҒУЫ АЗАЙҒАН
Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық ветеринария басқармасының басшысы Нұржас Құрмантаевтың қатысуымен «Облыстағы эпизоотиялық жағдай» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Онда аталған басқарма басшысы осы жылы облыс аумағында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен бөлісіп, БАҚ өкілдері қойған сұрақтарға жауап берді. Спикердің баяндауынша, облыс аумағындағы 11 ветеринариялық станса мен 160 ветеринариялық пунктте 1314 адам жұмыс істейді. Олардың көмегімен төрт түлікке тән індетке қарсы сынама алу, белгілі бір ауруға қарсы екпе егу сынды шаруалар жүйелі атқарылуда. Қазіргі таңда бруцеллезге шалдыққан мал саны біршама азайыпты. Атап айтқанда, ірі қара 12 пайызға, қой-ешкі 43 пайызға төмендеген. Осының әсерінен адамдар арасында да бруцеллезге шалдығу дерегі 23 пайызға кеміген. 2019 жылы – 22, бұрнағы жылы – 11, былтыр 6 ауру ошағы тіркелген екен. Бұл бойынша қажетті ветеринариялық іс-шаралар толық атқарылып, шектеу шаралары тоқтатылған. Жыл басынан бері анықталған 6 ошаққа қатысты да нақты жұмыстар жүргізіліп жатқан көрінеді. Ветеринария саласында тағы бір қызу жүріп жатқан жұмыс ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру. Бұл сырттан сатып алынған малдың сырғасы бар-жоғын, құжатының болуын, ауылдық округ есебіндегі мал қатарына енгізгенде оның қашан, қандай ауруға екпе салғаны, қандай індетке қарсы екпе салу қажеттігін анықтауда үлкен рөл атқарады. Биыл 473 975 бас төл бірдейлендіріліп, арнайы дерекқорға тіркеліпті. – Ветеринариялық стансалар шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын болуына байланысты, ақылы қызмет аясын кеңейту үшін аудандарда ветеринариялық клиникалар мен дәріханалар ұйымдастырылуда. Мәселен, шалғай орналасқан елді мекендерде 139 ветеринариялық дәріхана, 11 клиника халыққа қызмет көрсетеді. Оларда жануарлардың жұқпалы емес, инвазиялық және мемлекеттік тапсырыс тізіміне енбеген ауруларды емдеу, хирургиялық көмек көрсету сияқты қызметтер атқарылады, – дейді спикер. Жалпы жануарларға жауапты қарау туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, иесіз қаңғыбас жануарларды аулауды облыстың жергілікті атқарушы органы құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымның қызметкерлері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарының өтінімдері, иесіз қаңғыбас жануарлар жаппай жиналған жағдайларда жеке және заңды тұлғалардың қала және аудандық ветеринариялық стансасына, «Jambyl 109» бірыңғай диспетчерлік қызметіне түскен жазбаша немесе ауызша өтініштері бойынша жүзеге асырылады. 2012-2013 жылдары өңірдегі ветеринариялық стансалар мен ветпункттердің барлығы 166 қызметтік және 23 арнайы ДУК автокөліктерімен, 16 стационарлы, 5 жылжымалы биологиялық қалдықтар өртейтін инсинератор пештерімен қамтамасыз етілген. Қажеттілігіне қарай ауылдық округтерде жануарлар өлекселерін залалсыздандыруға арналған 39 биотермиялық шұңқырлар бар. Облыс аумағында сібір жарасы ошақтарының кадастрі бойынша тіркелген 189 сібір жарасы ошақтарының көмінділерінің барлығы талаптарға сай бетондалып қоршалған, «Қауіпті аймақ» тақтасы ілінген және топографиялық картаға енгізілген. Нұржас Нұржанұлы былтыр 2 ветстанса, 17 пункт қолданысқа беріліп, барлығы 10 ветстанса, 124 ветпункт қызметтік ғимаратпен қамтылғанын атап өтті.

А.ЖАҢАБАЙ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар