Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

107,6 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

107,6 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
ашық дереккөз
107,6 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыс әкімдігі ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітеков есептік баяндамасын жасады. Баяндама «Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы» тақырыбында өрбіді. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында биылғы жылы ауылшаруашылық саласына 27 миллиард теңге бөлінгеніне және аталған жобаны қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 20,3 миллиард теңге жұмсалғанына тоқталып өтті. Сондай-ақ қосымша республикалық бюджеттен 6,7 миллиард теңге қарастырылғанын сөз етті. Басқарма басшысының айтуынша, бүгінгі күні бұл қаржының 14,9 миллиард теңгесі және жергілікті бюджеттен бөлінген 13,6 миллиард теңге, республикалық бюджеттен алынған 388,4 миллион теңге облыстағы 8 мыңға жуық ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне субсидия ретінде беріліп, игерілді. Осының нәтижесінде жыл басынан бері салада 107,6 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 7,4 миллиард теңгеге артты. Оның ішінде егіншаруашылығында – 4,6 миллиард, малшаруашылығында 103 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. – Биыл облыста 770,4 мың гектарға ауылшаруашылық дақылдары отырғызылып, өткен жылмен салыстырғанда 14,4 мың гектарға артты. Осыған орай егіс алқаптарын арзандатылған минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінсе, бүгінгі күні оның 770,9 миллион теңгесі игерілді. Қазіргі уақытта алынуы қажет 54 мың тонна минералды тыңайтқыштың 31,3 мың тоннасы алынып, 78,4 мың гектар алқапқа ендірілді және жоспар 58,1 пайызға орындалды. «Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдау» бағдарламасы бойынша осы жылы 857 миллион теңге қаржы бөлінсе, оның 170 миллион теңгесі игеріліп, 146 ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне субсидия ретінде мемлекеттік қолдау көрсетілді, – дейді баяндамашы. «Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялау» бағдарламасы бойынша 104 миллион теңге қаржы бөлінген. Алдағы уақытта ауылшаруашылық тауар өндірушілері тарапынан өсiмдiктердi қорғау препараттары алынып, 40 мыңнан астам гектар жер өңделетін болады. «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау» бағдарламасы бойынша осы жылдың өнімі үшін егілген қант қызылшасы дақылының өніміне 6,1 миллиард теңге қаржы қарастырылған. Субсидиялау қант қызылшасын жинау науқанына байланысты қазан-желтоқсан айларында игерілетін болады. Биыл қант қызылшасынан жиналған өнімнің 300 мың тоннасы қант зауыттарына өткізіледі деп көзделіп отыр. «Асылтұқымды малшаруашылығын дамыту, малшаруашылығы өнімділігін және өнім сапасын арттыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бөлінген 5,3 миллиард теңгенің 4,2 миллиарды игеріліп, 2 мыңнан аса шаруашылыққа субсидия беріліпті. Ал сүт өндірісінің көлемі 1,4 пайызға көбейіп, 161,2 мың тоннаға артқан. «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы аясында бюджеттен 8,1 миллиард теңге бөлінген. Бүгінгі күнде оның 4,2 миллиард теңгесі 429 ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне субсидия ретінде төленіпті. Нәтижесінде бұл жылғы 6 айдың қорытындысымен салаға тартылған инвестиция көлемі 23,8 миллиард теңгені құраған. Нұржан ӘЛІШ
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар