Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРЕДІ

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРЕДІ
ашық дереккөз
БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРЕДІ
Облыстық педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен осы жылдың маусым-қазан айлары аралығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін пән оқытушылары біліктілікті арттыру курстарынан өтіп жатыр. «Колледжде қазақ тілін және әдебиетін оқыту, географияны оқыту, ағылшын тілін оқыту, тарихты оқыту: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» тақырыбы бойынша облыс колледждерінен 53 педагог Тараз, Астана қалаларында біліктілікті арттыру курстарына қатысып, жұмыстарын қорғады. Курстарды педагогикалық шеберлік орталығының аталған бағдарламалары бойынша сертификатталған тренерлер жүргізіп жатыр. Педагогикалық шеберлік орталығы мен колледждердің ынтымақтастығы тек курс аясында емес, «Тренер мен тыңдаушының қарым-қатынас коммуникация матрицасы» аясында қатысушыларға курстан кейінгі қолдау жүйелі түрде жүргізіледі. Курс осы жылдың қазан айына дейін жалғасады.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар