Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖОМАРТ ЕУРОПАДА ТОП ЖАРДЫ

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖОМАРТ ЕУРОПАДА ТОП ЖАРДЫ
ашық дереккөз
ЖАМБЫЛДЫҚ ЖОМАРТ ЕУРОПАДА ТОП ЖАРДЫ
Сербия Республикасының астанасы Белград қаласында өткен географиядан еуропалық олимпиадаға (EGeO) Қазақстан құрама командасына енген дарынды балаларға арналған «Дарын» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Сабыр Жомарт қола медаль иеленді. Айта кетейік, олимпиадаға 9 елден 98 оқушы қатысты. Аталмыш еуропалық географиялық олимпиада 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Жарыс жастардың географиялық және экологиялық зерттеулерге деген қызығушылығын оятуға, географияның жастар арасындағы ғылым ретіндегі маңыздылығын арттыруға арналған. Тапсырмалар тек ағылшын тілінде беріледі. Қазақстанның ұлттық командасы олимпиадалық резервтің 6 қатысушы-мүшелерінен тұрады. Олардың барлығы биылғы география бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанғандар.  
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар