Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ барлық МАРАПАТҚА ЛАЙЫҚ

МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ барлық МАРАПАТҚА ЛАЙЫҚ
ашық дереккөз
МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ барлық МАРАПАТҚА ЛАЙЫҚ
Қоғамдағы ізгі мамандықтың бірі педагогтардың мәртебесін арттыру мақсатында ұйымдастырылатын дәстүрлі «Үздік педагог» байқауының ұстаздар үшін маңызы зор.
«Үздік педагог» республикалық конкурсы 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында 600-ге жуық ұстаз үздік атанды. Өткен жылы «Үздік педагог» байқауына 5 мыңнан аса педагог іріктеліп, конкурс қорытындысы бойынша 64 жеңімпаз анықталып, марапатталды. Олардың қатарында жамбылдық педагогтар да бар. Өткен жылы аталған байқаудың облыстық кезеңі қазан айында аяқталып, бас жүлде иегері атанған және І, ІІ орын алған Айбек Мұратбаев, Нұрлан Даулетбаев және Жадыра Қарымсақова республикалық кезеңге жолдама алған болатын. Республикалық кезеңде облыс намысын қорғаған 3 педагог «Үздік педагог-2022» атағымен қатар, 1000 АЕК мөлшерінде сыйақымен марапатталды. Сонымен бірге үздіктер облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталса, аталған байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары Рауан Ошақбаев, Раушан Әбуева, Дана Саметова, Дарья Чижевская, Дәурен Естаев, Бағлан Шыныбеков және Нұрбала Құрамаеваға облыс әкімінің Құрмет грамотасымен қатар, 300 АЕК мөлшеріндегі сыйақы табысталды. Биыл елімізде «Үздік педагог атағын беру» қағидаларына өзгерістер енгізілді. Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру комитетінің бас сарапшысы Жанар Есімбекованың айтуынша, енді конкурсқа меншік нысанына қарамастан, кез келген білім беру ұйымдарының педагогтары да қатыса алады. – Педагогтарға «Үздік педагог» атағын беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығымен бекітілген «Үздік педагог атағын беру» қағидаларымен реттеледі, – дейді Жанар Есімбекова. Бас сарапшының сөзінше, «Үздік педагог» атағы жыл сайын конкурс кезінде тағайындалады және ол бір педагогке он жылдың ішінде бір реттен артық берілмейді. Конкурс аудандық, қалалық, облыстық, республикалық деңгейде үш кезең бойынша өтеді. – Бірінші кезең шілде айынан басталады. Екінші кезең тамыз, үшінші кезең қыркүйек айында өтеді. Конкурс туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде конкурс қатысушылары өздері құжаттарды, яғни материалдарын министрліктің ақпараттық жүйесіне жүктейді. Шешуші кезеңде республикалық деңгейге өткен педагогтардың құжаттарын, сондай-ақ қатысушылардың Астана қаласындағы білім беру ұйымдарында өткізетін сабақтарын республикалық комиссия қарап, бағалайды. Нәтижесінде 64 жеңімпаз анықталады. Оларға «Педагог мәртебесі туралы» Заң аясында 1 000 АЕК көлемінде сыйақы табысталады, – деп түсіндірді Жанар Есімбекова.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар