Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Аймақта бизнесті қолдау шаралары жалғаса бермек

Аймақта бизнесті қолдау шаралары жалғаса бермек
ашық дереккөз
Аймақта бизнесті қолдау шаралары жалғаса бермек
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыс бойынша Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Айдар Әбдіқадыровтың қатысуымен брифинг өтті. Жиын барысында аталған палатаның салалық комитеттерінің атқарылған жұмыстары туралы баяндалды. – Аймақта қазіргі уақытта кәсіпкерлер палатасы жанынан өңірдің жалпы өңірлік өнімін, жұмыс істеп тұрған бизнес субъектілерінің санын талдауды ескере отырып, өңір экономикасының негізгі салалары бойынша тұрақты жұмыс істейтін 6 салалық кеңес құрылып, өз жұмысын жүргізіп отыр. Салалық кеңестердің құрамында облыстың 100 мыңнан астам тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қамтитын кәсіпкерлік қызмет субъектілері қатарынан 400-ге жуық тұрақты мүше бар, – деді спикер. Сондай-ақ кеңестердің төрағалары мен мүшелері – облыстың белсенді және беделді кәсіпкерлері. Олар да палатаның Өңірлік кеңесінің мүшелері. Айта кету керек, кеңес мүшелері кәсіпкерлермен тығыз байланыста болады, олар шаруашылықта туындаған мәселелерді анықтап, кеңес кезінде көтереді. Биыл салалық кеңестердің 26 отырысы өткізіліп, 102 мәселе қаралды. Ал бизнеске қатысты 40 мәселе көтеріліп, 2 салалық ұсыныс талқыланды. – Салалық кеңестердің негізгі миссиясы – жергілікті атқарушы органдармен тиімді өзара іс-қимылды ұйымдастыру мен бизнес құқықтарын қорғау. Атап өтетін жайт, аталған отырыстардың барлығына дерлік жергілікті атқарушы органдар басқармалары мен ұйымдарының бірінші басшылары, сондай-ақ жетекшілік ететін бағыттар мен кестеге сәйкес облыс әкімінің орынбасарлары қатысады, – деді спикер Айдар Қайнарұлы. Сонымен қатар спикер брифингте бизнестің проблемалық мәселелерін шешу үшін облыс әкімі орынбасарларының, облыстық басқармалар басшыларының, Тараз қаласы әкімінің қатысуымен өтетін кездесулер өткізілетінін де жеткізді. – Биыл облыстың барлық аудандарында кездесулер өткізілді. Оған 650-ден астам бизнес субъектісі қатысты. Кездесулер жергілікті атқарушы орган басшыларының жетекшілік ететін бағыттарына сәйкес салалық негізде өтті. Аудандардағы кездесулер барысында бизнес субъектілері тарапынан 35 мәселе көтеріліп, оның жетеуі оң шешімін тапты. Ал 18 мәселе қаралып жатыр, – деп түйіндеді Айдар Әбдіқадыров. Брифинг соңында спикер БАҚ өкілдерінің қойған сұрақтары мен әлеуметтік желіден келіп түскен сауалдарына жауап берді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар