Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Министрлік 3 букмекерлік кеңсені сотқа берді

Министрлік 3 букмекерлік кеңсені сотқа берді
ашық дереккөз
Министрлік 3 букмекерлік кеңсені сотқа берді
Мәдениет және спорт министрлігі 3 букмекерлік кеңсенің лицензиясын сот тәртібімен жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Жыл басынан бері заңнаманы бұзған 5 букмекерлік кеңсенің қызметі тоқтатылды. Министрліктің хабарлауынша, Қазақстандағы букмекерлік кеңселер саны 2 еседен астам қысқарды. Егер 2021 жылдың басында елде 38 букмекерлік кеңсе жұмыс істесе, бүгінде олардың саны - 16. Ал оның ішінде іс жүзінде жұмыс істейтіндері - 12. Қазір Мәдениет және спорт министрлігі букмекерлік кеңселердің санын азайту үшін түсіндіру жұмысын жүргізуде. Мысалы, соңғы 3 жылда букмекерлік кеңселер 15 лицензияны өз еркімен тапсырған.
Министрдің тапсырмасы бойынша осы бағыттағы жұмыс күшейтілетін болады. Бүгінгі таңда Мәдениет және спорт министрлігінің қатысуымен ойын бизнесі және лотерея қызметі саласындағы заңнамаға 62 түзетуді, сондай-ақ ілеспе нормативтік-құқықтық актілерді көздейтін 3 заң жобасы әзірленді. Сондай - ақ, біз ойын бизнесінің жарнамасымен күресу үшін заңнамалық деңгейде түзетулерге бастамашы боламыз, - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
Бұған дейін Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов букмекерлік компанияларды оңды-солды жарнамалауды тоқтатуды, осы ретте заңға да өзгерістер енгізу керегін айтты.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар