Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

КӨШБАСШЫ МҰҒАЛІМДЕР БАС ҚОСТЫ

КӨШБАСШЫ МҰҒАЛІМДЕР БАС ҚОСТЫ
ашық дереккөз
КӨШБАСШЫ МҰҒАЛІМДЕР БАС ҚОСТЫ
Болат Өтемұратов қорының ұйымдастыруымен 7-11 шілде күндері аралығында Алматы қаласындағы «Тау самалы» сауықтыру лагерінде «Jas Leader Akademiiasy» жобасына қатысушы 5-11-сынып оқушылары мен жетекші мұғалімдеріне республикалық форум өтті. Аталған форумға облысымыздағы 11 мектептен 78 оқушы, 7 жаттықтырушы, 11 жетекші мұғалім қатысты. Аталған жоба бойынша жұмыс істеген 11 мектептің директорлары мен мұғалімдері алғыс хаттармен марапатталып, Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы мен Төле би атындағы №8 гимназиясына 1 000 000 сыйлықақы берілді. «Jas Leader Akademiiasy» аясында жоба қорғау номинациясы бойынша Тараз қаласының Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының оқушылары үздік атанды. «Jas Leader Akademiiasy» жобасы бойынша жыл бойы жоғары көрсеткіш көрсеткен Төле би атындағы №8 гимназиясының мұғалімі Ф.Құлмағанбетоваға, «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернаты» мұғалімі А.Шаметоваға алғыс хаттар мен ноутбук берілді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар