Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Діни сауаттылық – қауіпке қойылған тосқауыл

Діни сауаттылық – қауіпке қойылған тосқауыл
ашық дереккөз
Діни сауаттылық – қауіпке қойылған тосқауыл
Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы дін саласында жұмыс атқаратын мамандарға арналған облыстық екі күндік оқыту семинарын ұйымдастырды. Өңір тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру мақсатында өткен шараға облыс аумағының барлық аудандарының дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, мемлекеттің дін саласындағы саясатын іске асыруға және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға мүдделі жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, арнайы және жалпы білім беру ұйымдарының педагог-мұғалімдері, діни бірлестіктердің өкілдері қатысып, 200-ге жуық адам қамтылды. Оқыту семинарын арнайы шақырылған республикалық маңызы бар лекторлар, атап айтқанда, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті, «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының танымал дінтанушылары мен оқытушылары, психологтар мен блогерлері жүргізіп, өзекті тақырыптарда дәрістер оқыды. Онда деструктивті діни ағымдардың арбау жолдары мен қауіп-қатері және тұрғындардың, әсіресе жастардың жат ағымның жетегінде кетпеуі тәсілдері тақырыптары терең қаузалды. Басқосуда заманға сай интернет жүйесінде жұмыс істеу үшін заманауи тәсілдерімен арнайы шақырылған SММ маманы да өз әдістерімен бөлісті. Дәрістер тыңдалғаннан кейін қатысушылар сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты. Нәтижесінде семинарға қатысушылар облысымыздың жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары бірлескен қимылдар арқылы дәстүрімізге жат, санамызды улайтын діни ағымдардың алдын алуы керектігін, тұрғындардың діни экстремизмге кері көзқарасын қалыптастыру мақсатында елді мекендерде діни ахуалды тұрақты түрде зерделей отырып, ақпараттық-насихаттық топтардың жұмысын жандандыруды бірауыздан мақұлдады. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Айжан ӨЗБЕКОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар