Жарылыс жұмыстарын жүргізу тәртібі
«Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №350 бұйрығымен қабылданып, күші қолданысқа енген.
Бұйрыққа сәйкес, жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын қағидалар бекітілген. Осы қағидаға сәйкес, аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті көрсетеді.
Заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі –
портал) келесі құжаттарды жолдайды. Тиісті құжаттарға нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш, құрамында өкілдер, дайындаушының, әзірлеушінің, сынақтар жүргізілетін ұйымның, аттестатталған (сараптама) ұйымның және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның өкілдері бар комиссия жүргізген тәжірибелік партияның бақылау және қабылдау сынақтары актісінің электрондық көшірмесі жатады.
Және де жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде жер бетінде жарылыс жұмыстарын жүргізу орны, қауіпті аймақ шекарасы, қауіпті аймақты күзету бекеттерін және оның шегіндегі тұрғын және өндірістік ғимараттарды, құрылыстарды, теміржолдарды, автомобиль жолдарын, арналарды, құбырларды, электр беру желілерін қою орындары көрсетілген жергілікті жердің жоспары бар электрондық құжат, жерасты жағдайларында жарылыс жұмыстарын жүргізу орнын, қауіпті аймақтың шекарасын, қауіпті аймақты қорғау бекеттерін қою орнын көрсете отырып, тау-кен жұмыстарының жоспарын, сондай-ақ шахтаның (кеніштің, геологиялық барлау жұмыстары объектісінің) газ бен шаң бойынша қауіптілігі туралы мәліметтерді қамтитын электрондық құжаттары да болуы шарт.
Мемлекеттік қызметті көрсету жалпы мерзімі бес жұмыс күнін құрайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оны алмастырушы тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті» арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
Бақытжан АБЖАНОВ, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаментінің тау-кен өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау бөлімінің инспекторы
Келесі мақала