Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Мағжантану» орталығы ашылды

«Мағжантану» орталығы ашылды
ашық дереккөз
«Мағжантану» орталығы ашылды
«Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деп ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов айтпақшы, бұл бір рухани кемелденген кез болды. Өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілді деуге де болады. Олай дейтініміз, заманында тат басқан асылдарымыз шаң-тозаңнан аршылып, қалың елмен қауышып жатыр. Бұған себеп – қаламыздағы №21 М.Жұмабаев атындағы мектепте ақын, жазушы әрі педагог Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай «Мағжантану» орталығының ашылуы. Оның ашылу салтанатына ақынның келіні Сара Бекенова мен Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж директоры Ерлік Жанділдин арнайы келді. Жұрт алдында адуынды ақынның келіні С.Бекенова бата берді. Колледж директоры мектепке Мағжан ақынның портреті мен кәдесыйлар тарту етті. «Тау суындай гүрілдер, Айбынды алаш елім дер. Алтын алқа жерім дер, Мен жастарға сенемін. Қажу бар ма тұлпарға, Талу бар ма сұңқарға. Иман күшті оларда Мен жастарға сенемін», деп жастарға деген махаббаты мен сенімі зор болған ақынның өлеңдері оқылды. Әрмен қарай жиын «дөңгелек үстелге» ұласты. – 1989 жылы осы мектебіміз ашылған. Алаш қайраткері Мағжанның өлеңі арқылы жастарға сенім артып, айбатты болуға шақырып отырмыз. Ақын бір ғана өлеңі арқылы болашақты бағындыру үшін ез болмауға үндейді. Өзі шыға алмаған биікке Алаштың ұл-қыздарының жеткенін көздеді, елдің тұтқасы болғанын қалады. Ол тәуелсіздік жігерлі жастардың қолымен келетінін білді және соларға сенім артты. Бұл тарихи сәт. «Мағжантану» орталығы музей ретінде ашылып отыр, – деді мектеп директоры Салтанат Батырбекқызы. «Дөңгелек үстелде» Мағжан атамыз жайлы келелі әңгіме қозғалып, ақынның шығармалары, өмірі жайлы сыр шертілді.

Э.Байназарова

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар