Дәрі-дәрмек бағасы негізсіз қымбаттамауы тиіс
Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың төрағалығымен дәрілік қамтамасыз ету жүйесін реформалау мәселелері бойынша кеңес өтті. Күн тәртібіндегі басты мәселе — Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) жүргізген мемлекеттік аудиттің қорытындысы.









