Дін
Мемлекет басшысы дін туралы: Оны бетімен жіберсек, ұлттық салт-санамыздан айырылып қалуымыз мүмкін
- author AR-AY
- 13 наурыз, 2023
- 216
Мемлекет басшысы дін туралы: Оны бетімен жіберсек, ұлттық салт-санамыздан айырылып қалуымыз мүмкін
Әкімдерге құзырлы органдармен бірлесіп, дін саласындағы жұмысты жандандыруды тапсырамын. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды. Оның ғылыми-теориялық негізін дамыту қажет. Өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесін назардан тыс қалдыруға болмайды. Шын мәнінде, бұл – өте маңызды мәселе. Оны бетімен жіберсек, ұлттық салт-санамыздан айырылып қалуымыз мүмкін. Әкімдерге құзырлы органдармен бірлесіп, дін саласындағы жұмысты жандандыруды тапсырамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Келесі мақала