Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Әр елді мекенге – таза су

Әр елді мекенге – таза су
ашық дереккөз
Әр елді мекенге – таза су
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен кезекті брифингте облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы орынбасарының міндетін уақытша атқарушы С.Сатымбеков есеп берді. Халықты орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы аясында өткен жылы 49 нысанның құрылысына 19,8 миллиард теңге бөлініпті. Соның ішінде 13 нысанның құрылысы аяқталып, 36 нысан құрылысы биылға қалған. Осы жылы «Әрбір елді мекенде таза су» Ұлттық жобасы аясында 43 сумен жабдықтау нысанының құрылысына 9,7 миллиард теңге қаржы қарастырылыпты. Соның ішінде 43 жобаның барлығын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар жалпы құны 5,4 миллиард теңгені құрайтын 7 жобаға сараптаманың оң қорытындысы алыныпты. Аталған жобалар осы жылғы республикалық бюджеттің нақтылауына ұсынылмақ. Атап айтсақ, Талас, Мойынқұм, Т.Рысқұлов аудандары бір жобадан, Қордай ауданы төрт жоба ұсынған. Сондай-ақ 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджеттің қалыптастырылуына жалпы құны 5,1 миллиард теңгені құрайтын 10 жоба тағы ұсынылып отыр екен. Сонымен қатар өткен жылы 5 елді мекенге суды тазартудың кешенді блок-модульдері орнатылыпты, қалған 26 ауылдық елді мекенге 2023-2025 жылдары орнату көзделген. Облыс елді мекендерін 2025 жылға дейін 100 пайыз орталықтандырылған ауызсумен қамтудың жоспары бекітіліп, сәйкесінше тиісті жұмыстар атқарылуда.

Эльмира Байназарова

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар