Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ИНВЕСТОРЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

ИНВЕСТОРЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
ашық дереккөз
ИНВЕСТОРЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен «Бизнеске арналған үкімет» фронт-офисінде инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында алдымен «Далиев» жеке кәсіпкерлігінің директоры Ербол Арыстанбаев «Май өндіретін шағын зауыт» жобасын таныстырды. Аймақ басшысы жергілікті билік инвесторларды қолдауға дайын екенін баса айтып, ұсынылған жобаның тиімділігі мен маңыздылығын зерделеп, мүмкіндіктерді қарастыру үшін жауаптыларға тапсырмалар берді. Бұдан соң инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша ауылшаруашылығы басқармасының есебі тыңдалды. Облысты кешенді дамыту жоспарына және жол картасына сәйкес ауылшаруашылық саласында ағымдағы жылы 212 жоба қолға алынбақ. Басқосуда ұсынылған жобалар жеке-жеке талданып, жан-жақты қаралды. Облыс әкімі саланың әлеуетін ескере отырып, жаңа бағыттағы жобаларды жүзеге асыру, сол арқылы жаңа жұмыс орындарының санын арттырудың маңыздылығын атап өтті. Тиісті тұлғаларға жобаларды қайта нақтылау бойынша міндеттер жүктеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

ДАЛА ТӨСІНДЕГІ ДҮБІР
Алдыңғы мақала
ДАЛА ТӨСІНДЕГІ ДҮБІР

Ұқсас жаңалықтар