Қазақстанда Мұғалімдер күнін мерекелеу уақыты өзгертілді
Қазақстанда педагогтардың кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күні енді 5 қазанда атап өтіледі. Бұл туралы Үкіметі тиісті қаулы қабылдады.
Мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес, республикада Мұғалімдер күні осы уақытқа дейін қазан айының бірінші жексенбісінде мерекеленіп келді. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді.
«Мұғалімдер күні – білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. Бұл күні ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегі, оған қосатын зор үлесі аталып өтіледі», - делінген Үкімет басшысының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 556 мың педагог еңбек етеді.
Келесі мақала
ҚАЗАҚШАСЫ ҚАЗАҚТЫ ЖАҢЫЛДЫРҒАН ИВАН
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Қазақстандықтарға 70 мың теңге төленетіні туралы хабарлама – фейк
- авторAR-AY
- 17 қыркүйек, 2024