Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Сыйлыққа – су жаңа реанимобиль

Сыйлыққа – су жаңа реанимобиль
ашық дереккөз
Сыйлыққа – су жаңа реанимобиль
Адам – қоғам байлығы. Адам денсаулығы ең қасиетті де құнды, қайталанбас асыл қазына, мемлекеттің баға жетпес күші. Сондықтан да адам денсаулығы бүгінгі таңда басты мәселе ретінде мемлекет назарында тұрғаны белгілі.  Соның айғағы ретінде Байзақ ауданына жуырда ғана Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев іссапармен келген мезетте ажарлы емхананың жалпы жағдайымен таныса келе, алдағы уақытта денсаулық сақтау мекемесіне қажетті қолдаудың болатынын айтып өткен еді. Содан бері емхана озық медициналық құрал-жабдықтармен толығып келеді. Осы орайда бүгін 250 келушіге арналған емханаға мердігер «ТАРАЗСТРОЙ-2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі нысанның ашылуына орай аудандық емхана дәрігерлеріне жаңа озық неміс және италиялық медициналық жабдықтармен жабдықталған реанимобиль автокөлігін сыйға тартты. Бұл көліктің ерекшелігі – дәрігерлер оның мұмкіндіктері арқылы сырқат жанға толық мамандандырылған көмек көрсете алады. Сондай-ақ автокөліктің іші тыныс алу параметрлерін бақылайтын портативті респиратор, дефибриллятор, қандағы оттегінің деңгейін тез өлшеуге арналған портативті құрал, электрокардиограф, глюкоза анализаторы, импульстік оксиметр сынды құрал-жабдықтармен жабдықталған. Жағымды жаңалықпен бөлісе келген облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова алғашқы құттықтау сөз алып, аудан жұртшылығы үшін бұл автокөліктің маңызы қаншалықты екенін, бүгінде жаңадан бой көтерген емхананың халық игілігі үшін атқарып жатқан жұмыстарының жайына тоқталды. Сонымен қатар сөз алған «Таразстрой-2004» ЖШС директорының орынбасары Мәди Үзенбаев пен Байзақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ермековтер де өздерінің ақ тілектерін жолдады. Жиын соңында Мейірбек Жүнісов су жаңа реанимобиль автокөлігінің кілтін емхананың бас дәрігері Жандос Рысқұловқа салтанатты түрде табыс етті.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар