Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тараз көшелері тағы да жарқырай түсті

Тараз көшелері тағы да жарқырай түсті
ашық дереккөз
Тараз көшелері тағы да жарқырай түсті
Тараз қаласының түнгі шырайын кіргізу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында облыс орталығында көптеген ілкімді істер атқарылуда. Айталық, биыл көне шаһардың 68 көшесінде жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланса, былтыр 30 көшені самаладай жарқырату қолға алынды. Сондай-ақ қала қазынасындағы үнемдеуден қалған қаржыға тағы 20 көше жарықтандырылды. Дегенмен кейбір көшелерде құжат рәсімдеріне байланысты жарықшамдар орнату биылға өтпелі болатын. Аталған көшелердің тиісті құжат рәсімдері бүгінде аяқталып, жоспарланған елу көшеге толық жарық берілді. Өз кезегінде көше жарығына қол жеткізген тұрғындар алғысын білдіруде. – Осы аумаққа көшіп келгелі көшемізде жарық болған емес. Әсіресе қыс мезгілінде балаларымызға қиын. Тас қараңғыда автобусқа жеткенше қорқып отырамыз. Қазір көшеміз жап-жарық. Еш қиналмай оқуына, балабақшасына апарамыз. Осындай үлкен қолдау жасаған облыс, қала басшылығына алғыс айтамыз, – дейді Өзбек ақын көшесі 1-бұрылысының тұрғыны Дәурен Алжанов.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар