Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Ауыл – ел бесігі»: 1 073 жоба іске асырылды

«Ауыл – ел бесігі»: 1 073 жоба іске асырылды
Автор
Облыста 2019-2025 жылдар аралығында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 189 ауылда жалпы құны 81,9 миллиард теңгені құрайтын 1 073 жоба жүзеге асырылды. Бұл туралы облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиева мәлімдеді.

«Ауыл – ел бесігі» жобасы 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Жобаның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру, елді мекендерді тұрақты дамыту. Соңғы алты жылда өңірдегі елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы айтарлықтай жақсарды.

Атап айтқанда, 71 білім беру, 35 денсаулық сақтау, 54 мәдениет, 51 спорт және 85 коммуналдық шаруашылық нысаны пайдалануға берілді. Сонымен қатар жалпы ұзындығы 892 шақырымды құрайтын 776 ауылішілік көше орташа жөндеуден өтті.

Биыл өтпелі 19 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Байзақ ауданының Қосақ, Жамбыл ауданының Тоғызтарау, Т.Рысқұлов ауданының Қарақат, Шу ауданының Төле би және Еңбекші ауылдарындағы 7 мектепке жапсарлас ғимараттар салынады.

Сондай-ақ Жуалы ауданының Нұрлыкент, Көлтоған, Қарасаз, Т.Рысқұлов ауданының Құлан, Қордай ауданының Үлкен Сұлутөр, Шу ауданының Жаңажол және Шоқпар ауылдарында 8 денешынықтыру сауықтыру кешенін пайдалануға беру көзделіп отыр.

Бұдан бөлек Жамбыл ауданының Бесағаш, Талас ауданының Ойық және Үшарал ауылдарында 3 мәдениет үйі ашылады деп жоспарлануда.

Көлік инфрақұрылымы саласында да бір жобаны жүзеге асыру көзделген.

Айта кетейік, облыстағы 357 елді мекенде 1 216,1 мың адам тұрады. Оның ішінде 353-і ауылдық елді мекен болса, онда 678,3 мың адам немесе өңір халқының 55,8 пайызы қоныстанған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар