Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

АЙНАДАЙ ЖАРҚЫРАҒАН АЙНАКӨЛІМ...

АЙНАДАЙ ЖАРҚЫРАҒАН АЙНАКӨЛІМ...
ашық дереккөз
АЙНАДАЙ ЖАРҚЫРАҒАН АЙНАКӨЛІМ...
Ақбас Алатау мен қарт Қаратаудың қабысқан тұсында орналасқан Жуалы өңірінің таңғажайып табиғаты еріксіз таңдайыңды қақтырады. Ғазалға сұранып тұрған ғажап орындар аз емес мұнда. Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романында көп айтылатын Ақсай мен Көксайдың көркі алыстан көз тартады. Шартарапқа белгілі шатқалдың көрінісін тамашалап тұрып, шабытқа ерік бермеу әсте мүмкін емес. Ал одан ары ондаған шақырымға созылып жатқан өзен арнасы бар. Осы Көксай өзенінің басы Айнакөлде жатыр. Айнакөл Ақсу-Жабағылы қорығының солтүстік шығыс жағында, Жуалы және Түлкібас (Түркістан облысы) аудандарының шектесер тұсындағы таудың биік аңғарында орналасқан. Оның Айнакөл аталуының себебі көл суының мөп-мөлдір болуымен, тау үстіне шыққанда алдыңнан айнадай болып жарқырап жатуымен түсіндіріледі. Әрине, табиғаттың осынау тартуын тамашалау да оңай соқпайды. Ол үшін Көксай өзенін жағалап, тау-тастың арасымен жоғары өрлеу керек. Жақпар-жақпар тастар, қалың өскен бұталардың арасымен биікке өрмелегенде өкпең өшіп, төмен құлағанда аяғың тайып кететіндей көрінеді. Жаныңды шүберекке түйіп, аяқ астына қарап жүрмесең қауіп те, қатер де көп. Бірақ саф ауасы мен сайраған құс, гүл жарған алқап, биік тау шыңдары әр сәт сайын таң-тамаша қалдырады. Арнаның өз желі бар. Ол желге өзеннің гүрілі, құстардың үні мен шегірткенің шырылы қосылғанда, бір үлкен дала оркестрі әуен ойнап тұрғандай әсерде қаласың. Дала әуенін соқпақ жол бойында қиядан құлап, бей-берекетсіз жатқан қойтастарға отыра қалып, тыңдай бергің келеді. Қос жағалауда қалың өскен арша, шырша, жидектер, долана мен сан алуан ағаштар, гүлдердің хош исі мұрын жарады. Су жағалай бой көтерген аққайыңдар да өзенге ерекше көрік беріп тұр. Жалғыз соқпақ жолмен Айнакөлге дейінгі 6 шақырымға жуық қашықтықты 3 сағатта еңсеруге тура келеді. Міне, осындай жол қиындығына қарамастан газетіміздің фототілшісі Алтынбек Қартабай облыстық «Aq jol» газетінің бөлім меңгерушісі Марат Құлибаевпен бірге Айнакөлге дейін арнайы барып, табиғаттың таңғажайып көріністерін таспаға басып келді. Ары қарай суреттер сөйлесін...  width=  width=  width=  

Суреттерді түсірген Алтынбек ҚАРТАБАЙ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар