Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ
ашық дереккөз
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ
Ақтауда бокстан Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған XIV халықаралық турнир аяқталды. Байрақты бәсекеде Тайланд, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Қырғызстан және Қазақстан Республикасының боксшылары бақ сынады.  1916 жылы Маңғыстау облысының Жармыш ауылында өмірге келген Шоқыр Бөлтекұлы 1936 жылы Қазақстанда әуесқой бокстың іргетасын қалаған. Ш.Бөлтекұлы басқарған Қазақ КСР құрама командасы алғаш рет 1947 жылы КСРО чемпионатына қатысып, жарқын өнер көрсеткен. Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, КСРО және Қазақстанның бірінші спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған халықаралық бокс турнирі жыл сайын жоғары деңгейде ұйымдастырып келеді. Кезекті мәрте жалауы желбіреген халықаралық турнирде жамбылдық былғары қолғап шеберлері 1 алтын, 2 күміс жүлдеге қол жеткізді. Атап өтер болсақ, 75 келі салмақ дәрежесінде Диас Молжігітов жеңімпаз атанса, Елнұр Сүйінбай (67 келі) мен Бибарыс Жексен (57 кг) күміс медальды қанағат тұтты. Жеңімпаз және жүлдегер боксшылардың жаттықтырушылары – Ғайни Ашкеев, Нұржан Қондыбаев және Еркебұлан Түлебеков.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар