Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Сайлау: дауыс беру бюллетенінің көлемі өзгеретін болды

Сайлау: дауыс беру бюллетенінің көлемі өзгеретін болды
ашық дереккөз
Сайлау: дауыс беру бюллетенінің көлемі өзгеретін болды
Мәжіліс сайлауында дауыс беру бюллетенінің көлемі өзгереді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.
Біз бюллетеньдердің көлемін өзгертеміз. Тіпті, тәжірибе де жасап көрдік. Әдеттегі А4 емес, А5 қағазын қолдансақ, онда бюллетень жақсы оқылады. Бюллетеньде партиялар тізіміне арналған 7 жолақ болады, ал 8-позиция – барлық кандидатқа қарсы дауыс беру жолағы. Бірмандатты округтерге тоқталсақ, 16 кандидаттың аты-жөні еркін сыяды әрі көзге көрінеді. Көру қабілеті нашар адамдар үшін сайлау учаскелерінде арнайы орындар жабдықталады. Депутаттыққа кандидаттар саны 16-дан асса, онда бюллетеннің мөлшері ұлғаяды, – деді Нұрлан Әбдіров ОСК отырысында.
Айта кетейік, 19 наурызда Мәжіліс сайлауы өтеді. Сайлауға 12 млн-нан аса дауыс беруші тіркелген. 7 партиядан 283 кандидат бәсекеге түседі:
  • Қазақстан Халық партиясынан – 52,
  • Ақ жол партиясынан – 54,
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан – 19,
  • «Байтақ» жасылдар партиясынан» – 18,
  • «Ауыл» партиясынан – 25,
  • Respublica партиясынан – 25,
  • AMANAT партиясынан – 90.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар