Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Томаға киген тау бүркіт»

«Томаға киген тау бүркіт»
ашық дереккөз
«Томаға киген тау бүркіт»
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығында «Бауыржан оқуларының» облыстық кезеңі өтті. Аталған іс-шараның өтуіне облыс әкімдігі білім басқармасына қарасты «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы мұрындық болды. «Бауыржан оқуларының» басты мақсаты – даңқты қолбасшы, майдангер жазушы Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау. Сонымен қатар өскелең ұрпақты ұлттық ата-дәстүр рухына баулу арқылы жастардың шығармашылығын шыңдау, рухани мәдени мұраларды келешек ұрпақтың санасында жаңғырту, тәуелсіз елдің дарындарын қалыптастыру да – осы шараның көздеген мақсаты. Өнерлі жастардың тартысты бәсекесі бес бағытты қамтыды. Тарқата айтар болсақ, «Қайратыңа әдісіңді жолдас ет, әдісіңе ақылыңды жолдас ет...» тақырыбында эссе жазу, «Алаштың айнасы – Бауыржан Момышұлы» бағытында ғылыми зерттеу жобасын әзірлеу тапсырылған. «Сыр айттым саған, халқым, ұға білсең» бағытында батырдың шығармаларынан үзіндіні жатқа оқу талап етілсе, «Томаға киген тау бүркіт» бағытында жастардың Б.Момышұлына арнап жазған жырларынан мүшәйра ұйымдастырылды. «Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жұмылып қызмет еткін» бағыты «TEDx» форматында оқушылардың жеке идеялық тұжырымдамалары сыналды. Аталмыш бағыттарда бақ сынасқан 7-11-сынып оқушылары өз өнерлерін паш етті. Осы байқау арқылы батырдың ерлігі мен шығармашылығы кеңінен дәріптелді. Оған түрлі бағытта талаптанған өрендер өңіріміздің барлық ауданынан келді. Әр номинация бойынша топ жарған жеңімпаздар арнайы диплом, алғыс хаттармен марапатталды. Ал бас жүлде алған жеңімпаздарға республикалық байқауға жолдама берілді.

Нұржан ӘЛІШ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар