Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстандықтар наурызда қалай демалады?

Қазақстандықтар наурызда қалай демалады?
ашық дереккөз
Қазақстандықтар наурызда қалай демалады?
2023 жылғы наурызда аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар жалпы саны 12 күн демалады, - деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Халықаралық әйелдер күні 8 наурыз - сәрсенбіге сәйкес келеді және демалыс күні болады. Наурызда қазақстандықтар сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбіде – 21, 22 және 23 наурыз күндерінде үш күн демалады. Мереке аптаның ортасына түседі, сондықтан жұмыс аптасы қысқа болады. Осылайша наурызда төрт мереке болады. Бес күндік жұмыс аптасында сенбі және жексенбі - сегіз күн, ал алты күндік жұмыс аптасында төрт күн демалыс болады. Сонымен қатар, наурызда қазақстандық оқушылар 18 наурыздан 26 наурызға дейін созылатын көктемгі демалысқа шығады.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар