Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

NIS Hackathon - 2026 байқауы өз мәресіне жетті

NIS Hackathon - 2026  байқауы өз мәресіне жетті
www.nis.edu.kz
Жуырда Назарбаев Зияткерлік мектептері жүйесіне қарасты Тараз қаласындағы зияткерлік мектеп базасында 9–12 сынып оқушыларына арналған желілік NIS Hackathon- 2026 байқауы өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

 Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған оқушылар технологиялық жобалар әзірлеп, тәжірибе алмасу мен командалық жұмыс дағдыларын шыңдады.

Ашылу салтанатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрағасының орынбасары Сабыржан Садуақасов байқау форматының ерекшелігіне тоқталды.

– Биыл командалар кездейсоқ сандар генераторы арқылы жасақталды. Бұл әртүрлі мектеп оқушыларының бір командада жұмыс істеуіне мүмкіндік берді. Назарбаев Зияткерлік мектептері – біртұтас орта, сондықтан мұндай формат тәжірибе алмасуға, жаңа идеялардың пайда болуына және шығармашылық өзара ықпалдастықтың нығаюына ықпал етеді, - деді C.Cадуақасова. 

24 сағатқа созылған хакатон барысында командалар мобильді қосымша мен веб-сервис прототиптерін жасап, жобаларын сарапшылар алдында қорғады. Нәтижесінде І орынды «Commit & Pray»  – Шыңғыс Мағауия (NIS Oskemen), Арнұр Тайлан (NIS Shymkent-Karatau), Қайсар Амангелдиев (NIS Taraz), Ақарыс Ақпан (NIS Shymkent-Abay) командасы иеленсе, ІІ орын «JAEZ» – Ернар Талғат (NIS Astana), Джафар Мажитов (NIS Aktobe), Азамат Белгібаев (NIS Almaty-Nauryzbay), Жанкелді Дарменов (NIS Pavlodar) және «balapandar» – Айсұлтан Әуелбай (NIS Taldykorgan), Сұлтанмахмуд Қуатбаев (NIS Astana), Данил Барбашин (NIS Pavlodar), Ақарыс Қарымсақ (NIS Aktau) командаларына бұйырды. Ал ІІІ орын «parquet» – Артем Лавреньтев (NIS Almaty-Medeu), Ерасыл Кабдырашит (NIS Oskemen), Нурахмет Хамидолла (NIS Astana-Nura), Юсуф Мухамбеткалиев (NIS Kokshetau), «Miami heat» – Дінмұхаммед Ынтықбай (NIS Taraz), Әміржан Бауыржан (NIS Oral), Ернар Марс (NIS Astana), Нұрали Мубараков (NIS Taldykorgan) «Команда 2» – Керей Бердышев (NIS Aktobe), Дамир Камалов (NIS Almaty-Medeu), Мағжан Қойлыбай (NIS Shymkent-Karatau), Зиеда Абдугаппарова (NIS Turkistan).
 топтарына табысталды.  

Сонымен қатар «Vortex» (үздік техникалық шешім), «Өмір ғажап» (үздік презентация) және «NISJemel» (ең креативті шешім) командалары арнайы номинациялармен марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ІТ және инженерия бағытында білім алуға арналған гранттар табысталды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар