Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Оқушылар олжалы оралды

Оқушылар олжалы оралды
Автор
Жуырда «Дарын» республикалық ғылыми жобалар конкурсы мәресіне жетті. Мектеп оқушылары өзара бақ сынасқан байқау Астана қаласында өтті. Білім бәйгесі жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша ұйымдастырылды.

Білім бәсекесіне қатысқан зерделілер қатарында Тараз қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары да бар. Олар айрықша нәтиже көрсетіп, сайыс қорытындысында 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль еншіледі.

Нақтырақ айтсақ, информатика секциясынан Арнұр Артықбай, физика пәнінен Диана Ошан бірінші орынды иеленді. Ал «Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы» қосымшасы бойынша Дана Мұхамедшәріп, Шындос Тұңғыш, Шейхислам Нұрмұхамбетұлы екінші орынға табан тіресе, «Техника» үйірмесінен Нұрайлым Үсен мен Аяжан Шамшидин үшінші орын иегері атанды.

Жарыста ең жоғары балл жинап, абсолютті жеңімпаз атанған 10-сынып оқушысы Арнұр Артықбай халықаралық іріктеу кезеңінің нәтижесін күтіп жүргенін тілге тиек етті.

– Мен «Машиналық оқыту негізінде қатерлі ісіктерді анықтаудың автоматтандырылған жүйесі» атты жобаны қорғадым. Республикалық кезеңге 463 команда қатысты. Ендігі кезекте халықаралық іріктеу кезеңінің нәтижесін күтудемін, – дейді Арнұр.

Айта кетейік, конкурсқа еліміздің барлық өңірінен 10 секция бойынша 463 ғылыми жоба негізінде 623 оқушы топқа түсті.

Нұрбақыт ТҰТҚЫШБЕКОВ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар