Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

WhatsApp басшысы Telegram месенджерін қолданбау керектігін айтты

WhatsApp басшысы Telegram месенджерін қолданбау керектігін айтты
ашық дереккөз
WhatsApp басшысы Telegram месенджерін қолданбау керектігін айтты
WhatsApp мессенджерінің басшысы Уилл Кэткарт Twitter парақшасында әлеуметтік желі қолданушыларын Telegram платформасынан бас тартуға шақырды. Оның айтуынша, Telegram деректердің қауіпсіздігін толық қамтамасыз етпейді.
Олардың е2ee (end-to-end encryption) хаттамаларында ақпаратты өзге қолданушылардан қорғайтын, шифрлайтын қызметі жоқ. Telegram-да көптеген технологиялық компаниялар қабылдаған ашықтық қағидаты да жоқ. Платформадағы өрескел қателіктер адамдарға қауіп төндіреді, –  деді ол.
Сонымен бірге ол Telegram құпия чаттардағы мәліметтерді басқа адамдардың оқуына мүмкіндік беретінін, одан қалды кез келген елдің билігі Telegram-нан өз азаматтарының жарияланған материалын сұрата алатынын айтты.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар