Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Елімізде төтенше жағдай министрлігінің жаңа әскери бөлімі құрылады

Елімізде төтенше жағдай министрлігінің жаңа әскери бөлімі құрылады
ашық дереккөз
Елімізде төтенше жағдай министрлігінің жаңа әскери бөлімі құрылады
Елімізде төтенше жағдай министрлігінің жаңа әскери бөлімі құрылып жатыр. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов хабарлады.
Үкімет «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдады. Құжатқа сәйкес, Қазақстанда ТЖМ-нің жаңа әскери бөлімі құрылып жатыр. Ол Ақтөбе қаласында орналасады. Жаңа бөлімнің штаты – 880 адам, - деп жазды Әлихан Смайылов.
Бұл шара су тасқынының алдын алу және жаз кезіндегі өрт қаупіне, Түркия мен Сирияда болған жойқын жер сілкінісіне байланысты қабылданып отыр.
Бұл оқиғаның барлығы біздің әртүрлі жағдайға дайын болу үшін жедел әрекет ету күштерін ұлғайтып, оларды тиісті жабдықтармен қамтамасыз ету ісіне аса көңіл бөлуімізді қажет етіп отыр, - деді премьер-министр.
Айта кетейік, республика бойынша төтенше жағдайлар министрлігінің Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарында үш әскери бөлімі бар. Батыс аймақта көлемді құтқару құрылымдары жоқ. Сондай-ақ ТЖМ қызметтерінің штат саны артты. Өрт сөндіру бөлімшелері 380 адамға, құтқару станциялары 220 адамға, Апаттар медицинасы орталығы 94 адамға, «Қазселденқорғау» мекемесі 39 адамға көбейеді.
Жалпы министрлік қызметкерлері қатары 1 613 адаммен толықты.
Бұл төтенше жағдайлар бойынша жедел әрекет ету деңгейін, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізудің тиімділігін, елдің өрт қауіпсіздігін, шұғыл медициналық көмек көрсетуді, сондай-ақ азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері мен селден қорғау құрылыстарының толыққанды жұмысын қамтамасыз етеді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар