Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жарақаттардың алдын алған маңызды

Жарақаттардың алдын алған маңызды
ашық дереккөз
Жарақаттардың алдын алған маңызды
Жақында Таразда академик Н.Д.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы мамандарының қатысуымен травматология бойынша үйлестіру кеңесі өтті. Дәрігерлер кеңесте жарақат алған кезде медициналық көмек көрсетуді жетілдіру бойынша жол картасын іске асыруда көшпелі үйлестіру мәселесін талқылады. Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы – жарақаттан, оның ішінде республика аумағындағы жол-көлік оқиғаларынан болған өлім-жітім көрсеткіштерін, сондай-ақ өңірлердегі халыққа травматологиялық көмек көрсетуді мониторингтейтін республикалық ұйым саналады. Үйлестіру кеңесінің жұмысына аталған орталық директоры Олжас Бекарысов, облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова, Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс травматологы Болат Нағыманов, ҰҒТО Стратегиялық және өңірлік даму, мониторинг және талдау орталығының басшысы Ержан Ысқақов, №1 травматология бөлімінің меңгерушісі Мұрат Байдарбеков, №5 травматология бөлімінің меңгерушісі Нағмет Мұрсалов, сондай-ақ бас штаттан тыс травматологтары мен облыстық ересектер мен балалар травматолог-ортопедтері және жол-көлік оқиғалары салдарынан жарақаттану мен өлімді азайту жөніндегі басқа да мүдделі мемлекеттік органдар қатысты. Кеңес шеңберінде жол картасын өткен жылы орындаудың алдын ала қорытындылары жарияланды. Сондай-ақ облыстағы травматологиялық көмек, оның ішінде жол қауіпсіздігі мәселелері талқыланды. Жиында Ержан Ысқақов облыстағы травматологиялық-ортопедиялық көмектің жай-күйі және проблемалық мәселелер туралы баяндады. Ержан Сағиұлы өз сөзінде қызметті талдау нәтижелері бойынша өткен жылмен салыстырғанда жарақаттанудан, уланудан және жазатайым оқиғалардан өлім-жітім көрсеткішінің 26 пайызға өскенін хабарлады. Оның ішінде жол апаты оқиғалары 55,5 пайызға, суицид 27 пайызға, кісі өлтіру 9 пайызға артқан. Сондай-ақ өндірістік және көше жарақаттарынан ауруханалық өлім-жітімнің жоғары көрсеткіштері байқалады. Басқосуда «Жамбыл облысында балаларға травматологиялық-ортопедиялық көмек» тақырыбында облыстың бас штаттан тыс балалар травматолог-ортопеді Ренат Оспанов баяндама жасады. Кеңес қорытындысымен ҰҒТО қызметкерлері мамандандырылған травматологиялық көмек пен жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетуді жетілдіру жөнінде ұсыныстар берді. Орталық мамандары денсаулық сақтау басқармалары жарақаттан болатын өлім-жітімнің жоғары көрсеткіштеріне талдау жүргізіп, мүдделі мемлекеттік органдармен ведомствоаралық үйлестіру кеңестерін өткізу керектігін атап өтті. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова Меркі, Талас және Шу аудандарындағы орталық аудандық ауруханалар «алтын сағат» қағидатын жоғалтпай халыққа шұғыл, жоғары технологиялы медициналық көмек көрсету мақсатында көпбейінді ауданаралық ауруханалар жаңғыртылып, жұмыс істеп жатқандығын айтып өтті. Басқарма басшысы аталған ауруханаларда травматологиялық, 2-3 деңгейлі инсульт орталығы немесе PCI орталығы (тері арқылы коронарлық араласу), перинаталдық орталық, хирургиялық бөлімшелер, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелері, оңалту бөлімшелері ашылатынын хабарлады. Бұл 340 мыңнан астам адамға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы ҰҒТО жетекші мамандарымен одан әрі жемісті ынтымақтастық орнайтынына үміт білдірді. Академик Н.Д.Батпенов атындағы ұлттық орталық травматология және ортопедия саласында жоғары білікті мамандарды даярлау, диагностика мен емдеудің инновациялық технологияларын әзірлеу және енгізу жөніндегі озық орталық ретінде танылған. Биыл тірек-қимыл аппаратының зақымдануы мен аурулары бар науқастарға жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету мақсатында бірлескен шеберлік сыныптарын, семинарлар өткізу жоспарлануда. Үйлестіру кеңесін өткізу «ауырсыну нүктелерін» анықтауға және республика бойынша травматологиялық-ортопедиялық қызметті жетілдіру стратегиясын әзірлеуге, халыққа медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың проблемалық тұстарын және оларды шешу жолдарын өзектендіруге, сындарлы диалог жүргізуге мүмкіндік берді. Айта кетейік, сапардың бірінші күні ҰҒТО мамандары жамбылдық травматолог-ортопедтерге шеберлік сабағын өткізді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар