Әлеумет
Елімізге McDonald’s орнына ресейлік «Вкусно – и точка» келуі мүмкін
- author AR-AY
- 16 қаңтар, 2023
- 212
Елімізге McDonald’s орнына ресейлік «Вкусно – и точка» келуі мүмкін
Сараптама ұйымы ресейлік «Система ПБО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қазақстандағы «Вкусно - и точка» тауар белгісін тіркеуге өтінішті қарап жатыр. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі Әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары департаментіне сілтеме жасап хабарлады.
Бұған дейін ресейлік компания ТМД елдерінде «Вкусно - и точка» мейрамханалар желісін ашу мәселесінің қарастырылып жатқанын хабарлаған болатын.
Айта кетсек, McDonald's мейрамханалары Ресейде былтыр 14 наурыздан бастап жабыла бастады. Одан кейін биыл америкалық компанияның фаст-фуд желілері Қазақстанда да жабылды. Еліміздің 6 қаласында McDonald's-тың 23 мейрамханасы жұмыс істеді.
Келесі мақала